02.05.2013, 17:15 5153

ҚР-да ағымдағы жылдың 1 тоқсанда нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1 тоқсанда республикада нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,5 құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 14,2-ке тең болған.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - 2013 жылғы 1 тоқсанда республикада нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,5 құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1 тоқсанда республикада нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,5 құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 14,2-ке тең болған.

Сонымен қатар, ана өлімі көрсеткіші 4,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туғанға шаққанда 15,4 құрады. 2012 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсеткіш 16,1 құраған еді.

Айта кету керек, соңғы үш жылдың динамикасы көрсеткендей ана өлімі 3,7 есеге төмендеген, нәресте өлімі 25 %-ға азайған, қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұму 20%-ға төмендеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ана және нәресте өлімінің азаюына босанған кезде және босанғаннан кейінгі халықаралық технологияларды енгізу нәтижесінде қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны