20.02.2014, 19:11 6525

ҚР-да "БЖК-2020" бойынша 3200 келісім шарт қаржыланды - С. Жұманғарин

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 3200 келісім шарт қабылданды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 3200 келісім шарт қабылданды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

"Мемлекет басшысы тапсырмасының негізгі бағыттарының бірі ретінде ӨДМ-ге кәсіпкерлікті жетілдіру - әкімшілік және рұқсат ету үдерістерін дамыту тапсырмасы жүктелді. Қазіргі таңда БЖК-2020 бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті бастаған кәсіпкерлерді қамтуды мақсатқа қойып отыр. Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 678 млрд теңгенің 3275 келісімшартты қаржыландырды", - деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, төленген субсидия көлемі 56 млрд теңгені құрады.

"Барлық 27 моноқалада Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары 2 жыл қатарынан кәсіпкерлер мен экономикалық белсенді халыққа өз консультацияларын беріп келеді. Онда 12,5 мыңдай адамға 18 мыңнан астам консультация берілді. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары барлық аудан орталықтарында ашылатын болады. Яғни, Қазақстанның 160 ауданының бәрінде. Сөйтіп, экономикалық белсенді халықтың мүмкіндігін арттыру үшін бірыңғай инфрақұрылым құрылады", - деп түйіндеді ойын вице-министр.

Осындай мақсатта бірыңғай бизнес-инфрақұрылым құрылады. Ол халықты экономикалық белсенділікке қатысуын арттырып, бизнесті ашу ақпараты бойынша мемлекеттік қолдауға ие бола алады.

"Бизнес -кеңесші" бағдарламасынан бөлек, "Бизнес-өсім" жобасы іске қосылады. Ир облыста Жас кәсіпкерлердің мектебі жұмыс істейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны