26.12.2013, 19:13 2765

ҚР-да рұқсаттар мен өтініштердің санын тұрақтандыратын заң жобасы дайындалды - Б. Жәмішев

"Тәжірибеге сүйенетін болсақ, біз рұқсаттар мен өтініштерді 30 пайызға қысқарттық. Десек те, олардың саны азаймады. Себебі, әрбір нормативтік-құқықтық акт пайда болған сайын жаңа тәртіптер енеді", - деді министр.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР-да рұқсаттар мен өтініштердің санын тұрақтандыратын заң жобасы дайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

"Қазіргі таңда заң жобасы дайындалды,оның соңғы деңгейі жүзеге асуда. Заң жобасы елдегі рұқсаттар мен өтініштердің санын тұрақтандырады, егер де өзгертулер болса заң жобасында қаралатындай әрекет жасалынбақ", - деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, заң 737 рұқсат ету мен 35 өтінішті қарастырады.

"Тәжірибеге сүйенетін болсақ, біз рұқсаттар мен өтініштерді 30 пайызға қысқарттық. Десек те, олардың саны азаймады. Себебі, әрбір нормативтік-құқықтық акт пайда болған сайын жаңа тәртіптер енеді", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны