05.06.2008, 18:02 2997

ҚТЖ президенті Алматыда Қытайдың темір жол министрінің орынбасары Ху Ядунмен кездесті

ҚТЖ президенті Алматыда Қытайдың темір жол министрінің орынбасары Ху Ядунмен кездесті

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті Асқар Мамин Қытайдың темір жол министрінің орынбасары Ху Ядунмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ішкі комитетіінң төртінші отырысы аясында өтті.

"А. Мамин мен Ху Ядун кең көлемді мәселелер топтамасын талқылады. Тараптар Достық - Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы жүк тасымалдау көлемінің орындалуына, жүк тасымалының маркетингін пәрмендендіру арқылы қосымша көлем тарту мәселелеріне назар аударды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны