09.07.2018, 21:01 4469

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бірінші жарты жылдықтағы жүк айналымы 7 % өсті

Жалпы жүк тиеу көлемі 123 миллион тоннаны құрады.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Биылғы қаӊтар - маусым аралығында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде жүк тасымалы, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 7% жоғарылады. Жалпы жүк тиеу көлемі 123 миллион тоннаны құрады.

Оныӊ ішінде қаӊтар-маусым аралығында астық тасымалы 5,6 миллион тоннаны құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 46 пайызға жоғары көрсеткіш. Маусымда 770 мыӊ тонна астық тасымалданды. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30% жоғары. Оныӊ 540 мыӊ тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44 пайыз жоғары болып отыр.Осы аралықта көмір тасымалдау 49 миллион тонна болды. Құрылыс материалдарын тасымалдау көлемі 9,8 миллион тоннаны құрап, өсімі 27 пайызға жетті.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағымен 1861 контейнерлік пойыздар өткен. Қытайдан Еуропаға қарай контейнерлік пойыз өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген. Кері қарайғы бағдарға транзиттік тасымал көлемі 1,6 есеге өскен.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны