05.11.2012, 13:56 3173

ҚТЖ жылдық өсімі 5,55 пайыздық $300 млн еурооблигациясын орналастырды

Компанияның мәліметінше, тапсырыстың шешуші мөлшері АҚШ-тың 2 млрд. доллары деңгейінде қалыптасып, жүздеген инвесторларды тартады. Олардың ішінде 40 пайызы АҚШ өкілдері болып отыр.

Лондон. 5-қараша. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ отыз жылдық 300 млн. доллардың Еурооблигациясын Лондон мен Қазақстан қор биржасына орналастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш транзакцияның жылдық өсімі 5,55 пайызды құрайды.

Компанияның мәліметінше, тапсырыстың шешуші мөлшері АҚШ-тың 2 млрд. доллары деңгейінде қалыптасып, жүздеген инвесторларды тартады. Олардың ішінде 40 пайызы АҚШ өкілдері болып отыр.

"Шығарылым институционалдық инвесторлардың қызығушылығын туғызып отыр. Бағаның ең төменгі диапазоны деңгейінде қойылуы ҚТЖ дәрежесінің бірінші сыныпты қарыз алушы екендігін айғақтайды",-деп атап көрсетілген хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, транзакцияның стратегиялық дұрыс таңдалуы - компанияның Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі корпоративтік эмитенттің рекордтық төменгі бағасы мен ұзақ мерзімділігімен қуантады.

Reg S/144А форматындағы шараны ұйымдастыруға Barclays, HSBC, JP Morgan және Какоммерц Секьюритиз қаржы ұйымдары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны