09.09.2009, 11:24 3235

Курчатовта 2010 жылы шағын қуатты Атом электр станциясы салына бастауы мүмкін

Курчатовта 2010 жылы шағын қуатты Атом электр станциясы салына бастауы мүмкін

Алматы. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Курчатовта 2010 жылы шағын қуатты Атом электр станциясының тәжірибелік-көрсетілімдік жобасын жүзеге асыра бастау жөнінде Жапониямен келісім жасалды. Бұл туралы кеше Алматыда "Ядролық және радиациялық физика" тақырыбында VII халықаралық конференция барысында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадыржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атом электр станциясының құрылысы 2010 жылы басталып, 2018 жылы аяқталып, энергетикалық қуаттылығына 2022 жылы шығады деп күтілуде. "Қазақстан жағы да, Жапония жағы да барлық шешімдерді қабылдады. Бұл - Қазақстан Республикасында атом саласының дамуы жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламаның бір бөлігі. Егер ол қабылданса, 2010 жылы құрылыс басталады", - деді Қ. Қадыржанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, Алматыда Ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтуде.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматыда 2009 жылдың 8 - 11 қыркүйегінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының базасында "Ядролық және радиациялық физика" тақырыбында VII халықаралық конференция өтуде". Бұл шараны әдеттегідей ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, сондай-ақ, ҚР Ұлттық ядролық орталығының салалық институттары ұйымдастырып отыр.

Конференцияға қатысатындығы жөнінде АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Малайзия, Изербайжан, Польша, Үндістан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Словакия, Нигерия секілді 19 елден 280 өтініш түскен.

Конференцияда Қазақстан Республикасында атом саласының дамуы жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша баяндама мен соған қатысы бар Қазақстанда ядролық отын циклінің даму стратегиясы мен тактикасы жөніндегі мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны