11.09.2008, 19:22 3035

Құрылыс саласын сауықтыруға бағытталған барлық шаралар толық әрі мерзімінде орындалуға тиіс - премьер

Құрылыс саласын сауықтыруға бағытталған барлық шаралар толық әрі мерзімінде орындалуға тиіс - премьер

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Құрылыс саласын сауықтыруға бағытталған барлық шаралар толық әрі мерзімінде орындалуға тиіс. Бүгін үкіметте өткен кеңес барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ол үкімет тарапынан аталған проблеманы шешу үшін бірнеше бағытта шаралар қолданылып жатқанын еске салды. "Біріншіден - өткн жылдың күзінен бері "Қазына" қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржы бөлінді", - деді Кәрім Мәсімов. Тек Астанада 48,8 млрд теңге бөлінді, деді ол.

"Бұл ақша толық игерілуге тиіс, жұмыс аяқталуға тиіс. Бұл сіздің тікелей жауапкершілігіңізде", - деді Кәрім Мәсімов Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны