05.03.2011, 15:05 3808

Ливиядағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы қайта өсе бастады

Ливиядағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы қайта өсе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 5 - наурыз. Kazakhstan Today - Ливиядағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы қайта өсе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 4 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,51 долларға қымбаттап, 104,2 доллар/баррельге жеткен.

Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,18 долларға қымбаттап, 115,97 доллар/баррель болды.

"Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының өсуіне "қара алтынның" ірі экспорттаушысы болып табылатын Ливиядағы қақтығыстар себеп болып отыр. Оған қоса, АҚШ-тың шикі мұнай және мұнай өнімдері коммерциялық қорының қысқаруы туралы мәліметтер де мұнай фьючерстеріне өз әсерін тигізбей қоймады", - дейді сарапшылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны