12.03.2014, 20:43 6380

М.Мұқанов 2014 жылғы ҚР экономикалық дамуының басты міндеттемелерін атады

"Экономика дамуының басым бағыттарының бірі - ел экономикасының әртараптануы. Бұл процесс бір-ақ рет қолға алынып тасталатын мәселе емес. Осы бағытта Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, сонымен қатар еліміздің іскер орталарының бар қызметі айқындалды", - дейді М.Мұқанов.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы "Экономикалық зерттеу институты" АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов 2014 жылғы ҚР экономикалық дамуының басты міндеттемелерін атады.

"Экономика дамуының басым бағыттарының бірі - ел экономикасының әртараптануы. Бұл процесс бір-ақ рет қолға алынып тасталатын мәселе емес. Осы бағытта Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, сонымен қатар еліміздің іскер орталарының бар қызметі айқындалды", - дейді М.Мұқанов.

Екінші бағыт, оның айтуынша, әлеуметтік даму. Адам капиталы, атап айтар болсақ соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және өзге де салалардың қарқынды дамуы.

"Осы тұрғда біздің білім беру жүйемізді жаңғырту бойынша күрделі шаруалар атқарылуы керек. Оны алдыңғы қатарлы ең үздік халықаралық талаптар қаралмақ. Бұл шаруа да белгілі бір деңгейде уақытты талап етеді және осы сала бойынша экономиканы алға сүйрейтін мамандарды дайындау мен білікті кадрларды дайындау басты назарға алынады", - дейді Экономикалық зерттеу институтының басшысы.

Үшінші бағыт, Мақсат Мұқановтың айтуынша, іскерлік климат пен инвестиция тарту.

"Бұл біздің қазіргі таңда жасап жатқан зерттеуіміздің басым бағыттарының бірі. Өздеріңізге де белгілі, таяуда ғана шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланды. Бұл еліміздің іскерлік ауанын арттырып, ел экономикасын өрге сүйрейді. Біздің экономикада басқа емес, ең алдымен өңдеуші секторға инвестиция тарту керек. Атап айтар болсақ олар көлік инфрақұрылымы, білім саласы, денсаулық сақтау және экономиканың алға басуына септігін тигізетін өзге де секторлар", - дейді М.Мұқанов.

Келесі бағыттар ел өңірлерінің дамуымен тікелей байланысты.

"Қазірдің өзінде бізде белгілі бір салалар бойынша атқарылған жұмыстар бар. Алға қойған мақсат - заманауи қалалар салып, Астана, Алматы, Шымкент секілді қалаларға ірі агломерациялық жұмыстар жүргізу. Ирине, ауылдық жерлер де назардан тыс қалмақ емес. Қазіргі таңда экономикалық даму қарқыны белгілі бір деңгейде жүйеленгенін ескерсек, көптеген жүйелі істерді қолға алу керектігі байқалады", - дейді.

Ең ақырғы маңызды бағыттардың бірі, Экономикалық зерттеу институты президентінің айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесі.

"Басты міндеттеме - бұл қазіргі таңда қолымызда тұрған бағдарламаларды тиімді және сапалы іске асыру: бюджеттік ресурсты тиімді пайдалану, сонымен қатар өзге де инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану", - дейді М.Мұқанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны