12.02.2020, 23:00 3392

Маңғыстау облысында биыл "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында300 сертификат беру жоспарлануда

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша ауданы 13 623 ш.м. 348 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысы және сатып алу аяқталды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында биыл "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында300 сертификат беру жоспарлануда.

Бұл туралы аймақ басшысы Серікбай Трұмов облыс жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті.

Өткен 2019 жылы 1175,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде: жалға берілетін тұрғын үй - 14 396 ш.м. Батыр, Құрық ауылдарынан және Форт-Шевченко қаласынан 216 пәтерді құрап отыр. Коммерциялық тұрғын үй - 481 033 ш.м. (4403 пәтер Ақтау қ.), жеке тұрғын үй-679 950 ш. м. (4674 бірлік тұрғын үй).

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша ауданы 13 623 ш.м. 348 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысы және сатып алу аяқталды.

2020 жылы Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандары және Ақтау қаласынан жалпы алаңы 23 454 ш.м. 432 пәтер құрылысын аяқтау және сатып алу жоспарлануда. Және де 2020 жылы Ақтау қаласында жалпы ауданы 63 490 шаршы метр 850 пәтерлі кредиттік тұрғын үй құрылысы аяқталады.

"7-20-25"бағдарламасы шеңберінде 4 ірі қала, оның ішінде ақтау үшін 25 млн.теңге мөлшерінде кредиттің ең жоғары мөлшері анықталды.Бүгінгі таңда Ақтау қаласының аумағында шамамен 500 мың шаршы метр болатын 6 мыңнан астам пәтерлік коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, олардың басым бөлігі "7-20-25" бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында былтыр 231 пәтер берілді, оның ішінде көпбалалы отбасылар - 111, толық емес отбасылар - 84, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 36-ні құрап отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға 21 тұрғын үй сертификаты берілді. 2020 жылы осы бағыт бойынша 300 сертификат беру жоспарлануда."Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту" кешенді жоспары аясында Ақтау қаласына 338 отбасы қоныс аударды. 2020 жылы 210 отбасыкөшіріледі деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны