10.04.2014, 19:38 11303

Мақсатты даму трансферттерінің жүзеге асырылуы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік береді - Е.Досаев

"Мақсатты даму трансферттерінің іске асырылуы жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша 10 пайыздан аспайтын көлемдегі өңірлер арасына мақсатты трансферт бойынша бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі тарапынан қайта бөлуге мүмкіндік береді", - деді Е.Досаев.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Мақсатты даму трансферттерінің іске асырылуы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыра отырып.

"Мақсатты даму трансферттерінің іске асырылуы жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша 10 пайыздан аспайтын көлемдегі өңірлер арасына мақсатты трансферт бойынша бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі тарапынан қайта бөлуге мүмкіндік береді", - деді Е.Досаев.

Айта кету керек, аталмыш заң жобасындағы негізгі түзетулер бюджеттің орындалу процедурасы мен бюджеттік есеп беруді жетілдіру, өңірлердің мақсатты трансфертін іске асыру мен анықтау процедураларын қысқарту мен дамытуға мақсатты трансферттерді іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың дербестігі мен бюджет орындалуының икемділігін арттыруды қарастырады.

"Өңірлердің мақсатты даму трансферттерінің іске асырылуы мен бөлу процедурасын қысқарту ағымдағы трансферт бойынша келісімнің күшін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мақсатты трансфертті төмендегі бюджетке келісім негізі бойынша емес, қабылданған жеке қаржыландыру жоспары негізінде қайта аударуға мүмкіндік береді", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны