10.06.2014, 20:58 4160

Малайзиялық кәсіпкерлер ОҚО-да халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда

Малайзиялық кәсіпкерлер оңтүстік өңірінде тұңғыш халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысына Малайзиядан "Marditech" компаниясының басшылығы бастаған бір топ делегация келді.

Малайзиялық кәсіпкерлер оңтүстік өңірінде тұңғыш халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімдігі өңір кәсіпкерлерінің Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея секілді Азия елдеріне бизнес сапарын ұйымдастырған болатын. Малай елінің астанасы Куала Лумпур қаласында өткізілген бизнес форум барысында ОҚО-да халал өндірісін құру және дамыту туралы идея айтылған еді.

Малайзиялық кәсіпкерлер бұл ұсынысты қолдап, облысымыздың азық-түлік өндірісімен айналысатын "Қайып ата" ЖШС, "Шымкент құс" ЖШС кәсіпорындарымен "Marditech" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Жақын күндері малайзиялық сарапшылар "Қайып ата" ЖШС, "Шымкент құс" ЖШС-нен басқа, азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барып, халал өндірісі дамуының әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстарын бастайды.

Малайзиялық делегаттардың іс-сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесу ұйымдастырылады. Онда өңірімізде халал хабын құру бағытында жүргізілген сараптама қорытындылары айтылып, алдағы уақытта бірігіп атқарылатын жұмыстар талқыға салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны