11.04.2012, 15:27 3585

Маңғыстауда "Каспий" венчурлық қоры құрылды

Семинарға "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" Басқармасы төрағасының орынбасары И.Сұлтанғазин, "Қазақстандық индустрия дамыту институтының" (ҚИДИ) өкілі Қ.Раганина, "Лизинг-ҚДБ" АҚ жобалық талдау департаменті директоры Б.Ережепов, "Kaznexinvest" АҚ-ның департамент директоры Қ.Қожамқұлов және тағы басқалар қатысты.

Ақтау. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстауда "Каспий" венчурлық қоры құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігінде өткен индустриалық-инновациялық даму аясында кәсіпкерлік бастамаларды мемлекеттік қолдаудың жолдарына арналған семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарға "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" Басқармасы төрағасының орынбасары И.Сұлтанғазин, "Қазақстандық индустрия дамыту институтының" (ҚИДИ) өкілі Қ.Раганина, "Лизинг-ҚДБ" АҚ жобалық талдау департаменті директоры Б.Ережепов, "Kaznexinvest" АҚ-ның департамент директоры Қ.Қожамқұлов және тағы басқалар қатысты.

Семинарда 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы кеңінен талқыланды.

Инуар Сұлтанғазин өз баяндамасында екі жылда атқарылған жұмыстар мен инновациялық жобаларға тоқталды.

"Өткен жылы өлкеде 120 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылса, биыл 9 млрд. теңгеге 9 жоба қолға алынбақ", - дейді И.Сұлтанғазин.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Біржан Қанешевтің айтуынша, "Каспий" ИКК мен Ұлттық инновациялық қордың бірлескен қатысуымен аймақтық "Каспий" венчурлық қоры құрылды.

"Өлкеде кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің деңгейі 0,70, республикада 3 пайыздан астам. Біздіңше, алдыңғы орында өнеркәсіптік, сумен жабдықтау, экология мен туризм, агроөнеркәсіптік кешендер инновациялық дамуы тиіс", - деді Біржан Қанешев.

Венчурлық қор жобаға 50 пайызға дейін үлеске кіріп, аймақтағы жобаларды қаржыландырып отырмақ. Оның жобаларға қоятын талабы - үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Жоба сәтті іске асырылған кезде қор үлестен шығып, салған қаражатын қайтып алады.

Семинар-кеңес Астанадан келген мамандардың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, экспорт пен қазақстандық құрамды дамыту, өндірісті инновациялау, жаңғырту туралы кәсіпкерлерге кеңес беруімен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны