06.05.2014, 22:24 4071

Маңғыстаулық кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуын талқылады

Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова мен Талғат Ерғалиев маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесу өткізді, онда шағын және орта бизнестің дамуы талқыланды.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова мен Талғат Ерғалиев маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесу өткізді, онда шағын және орта бизнестің дамуы талқыланды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы хабарлағандай, қай істе болмасын мемлекеттік қолдау сенімділікке жетелейді.

Қазіргі таңда шағын және орта бизнеске үлкен қолдау жасалуда, сондықтан да алға қоған мақсатқа жету үшін ерінбей еңбек ету қажет. Бизнеске қысым көрсету деңгейі түсіп, бұқаралық кәсіпкерліктің тұрақталуы көңілді көншітеді.

"Қазақстан Президенті Ұлттық қордан 1 трлн теңгені экономиканы несиелендіру ресурсымен қамту үшін бөлген болатын. Бұл қаржының бір бөлігін Маңғыстау облысының кәсіпкерлері иеленеді. Бұл қаржы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Кәсіпкерлер соны қолданулары тиіс", - деді Г. Сейітмағанбетова.

Т. Ерғалиевтің айтуынша, "Ақжол" партиясының көп депутаттары бұрынғы кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес проблемалары туралы айтпай-ақ біледі. Барлық проблемаларды шешу қажет.

Кездесу қорытындысында қатысушы-кәсіпкерліктер шараның жоғары өнімділігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны