26.01.2016, 19:06 4439

Мәскеудіӊ еӊ ірі азық-түліктік орталығында "Оӊтүстік Қазақстанныӊ" сауда-көрмелік павильоны ашылды

25 қаӊтарда Мәскеудіӊ "Фуд сити" еӊ ірі көтермелі-бөлшек азық-түліктік сауда үйінде "Оӊтүстік Қазақстан" сауда-көрмелік павильоны ашылды, деп хабарлады Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігі

Мәскеу. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - 25 қаӊтарда Мәскеудіӊ "Фуд сити" еӊ ірі көтермелі-бөлшек азық-түліктік сауда үйінде "Оӊтүстік Қазақстан" сауда-көрмелік павильоны ашылды, деп хабарлады Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жобаны Ресейдегі Қазақстанныӊ Елшілігі және Сауда өкілдігініӊ қолдауымен "KazFood" брендімен шыққан "Призма групп" компаниясы ұйымдастырды.

Оӊтүстік Қазақстан Икімініӊ орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанныӊ Ресейдегі сауда өкілініӊ орынбасары Гүлжан Бодукова, "Фуд сити" Агрокластерініӊ бас директоры Омар Абрамов, қазақстан кәсіпорындарыныӊ және ресей бизнесініӊ өкілдері Сауда-көрмелік залдыӊ салтанатты ашылуын қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Өз сөзінде С.Тұяқбаев қазақстан азық-түлік тауарлар экспортын ресей нарығына ұлғайту қажеттілігін атап айтты. Сондай-ақ, Ресейдегі Қазақстан Елшілігі және Сауда өкілдігімен қарым-қатынасты нығайту мақсатында қазақстан тауарөндірушілеріне жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өкілдері ресейлік тұтынушыға жиырмадан астам азық-түлік өнімдерін ұсынды, және алдағы келешекте өнімдердіӊ санын жүзге дейін жеткізуді көздеуде.

Ашылу бырысында ет өнімдері және айтулы тамақ, жеміс-көкөніс консервілері, балық еті, сүт өнімдері, кондитер тағамдары, бакалея тауарлары, шай, бал өнімдері және т.б. ұсынған.

Аталған жоба қазақстан өнімін өндірушілер мен дистрибьюторларға көмектесу, және Ресей аумағына қазақстан экспорт көлемін және географияны кеӊейту мақсатныда атқарылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны