01.07.2013, 15:51 4188

Маусым айында күн көріс минимумының көлемі 6,2%-ға артып, 18 436 теңгені құрады

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың минималды нормаларынан есептелген жан басына шаққандағы күн көріс минимумының көлемі 2013 жылдың маусымында алдыңғы аймен салыстырғанда 6,2%-ға артып, 2012 жылдың маусымымен салыстырғанда 7,3%-ға артты", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Маусым айында күн көріс минимумының көлемі 6,2%-ға артып, 18 436 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың маусымында күн көріс минимумының көлемі 18 436 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың минималды нормаларынан есептелген жан басына шаққандағы күн көріс минимумының көлемі 2013 жылдың маусымында алдыңғы аймен салыстырғанда 6,2%-ға артып, 2012 жылдың маусымымен салыстырғанда

7,3%-ға артты", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Осылайша, статистика агенттігінің мәліметінше, оның құрылымында ет пен балық сатып алуға шығындар үлесі 21,9% құрады, сүт, майлы өнімдер мен жұмыртқалар - 14,8%, жемістер мен көкеністер - 14,1%, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7,2%, қант, шай және дәмдеуіштер - 2%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны