05.12.2008, 17:09 3717

Мәжіліс депуттатары тамақ ретінде қолдануға жарамсыз биологиялық шикізатты биоотын өндіруге қажетті басымдықтағы шикізат деп анықтауды ұсынады

Мәжіліс депуттатары тамақ ретінде қолдануға жарамсыз биологиялық шикізатты биоотын өндіруге қажетті басымдықтағы шикізат деп анықтауды ұсынады

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Тамақ ретінде қолдануға жарамсыз биологиялық шикізатты биоотын өндіруге қажетті басымдықтағы шикізат деп анықталсын. Бұл туралы бүгін мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобаларын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде мәжіліс депутаттары қабылдаған ұсыныстарда айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ұсыныстарда былай делінген: отын-энергетика ресурстарының өте жақсы экологиялық сипаттамаларына байланысты, соңғы жылдарда әлемде ауыл шаруашылығы дақылдарының және басқа да биологиялық тектес шикізаттың құрама бөліктерінен тұратын биоотын өндірісі технологиясын игеру қарқынды өсіп келеді.

Қазақстанның табиғи және аумақтық елеулі ресурстары кең ауқымды өндірісін биоотын органикалық химия және полимерлік материалдар өнімдерінің пайдаланылмай жатқан түрлерін, жаңадан қосылып отыратын органикалық шикізатпен қамтамасыз етуге қабілетті. Биоотынның стратегиялық маңызды ғаламдық және перспективалық рыногында орын алу үшін 2007-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасында көзделган республиканың агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру шеңберінде биоотын өнеркәсібінде қосымша қуаттылық енгізу және осы саланың жедел қалыптасуына жағдай жасау қажет. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін бірнеше есе дамытуды, арттыруды қамтамасыз ететін жаңа техникалық деңгейге жеткізуге өнімді жоғарғы қосымша құнмен экспорттауды көбейтуге, еліміздің экономикасындағы мұнай бағасын арзандатуға және климаттың ғаламдық өзгерістерін туғызатын газ эммиссиясын азайтуға мүмкіндік береді.

Елімізде жаңа пайда болған биоотын өнеркәсібін мемлекеттік реттеу бойынша алғашқы қадамдар жасалынды. Жекеше айтқанда, 2007-2010 жылдарға арналған ҚР биоотын нарығын дамыту концепциясы әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ішкі өндіріс жағдайында отын этанолдың акциз ақысы 400-ден 0,1 теңгеге дейін төмендетілді.

Бірақ жүргізілген жұмыс, ішкі және сыртқы нарықтағы биоотын айналымымен байланысты мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз болып отыр. Ондай мәселелерге биоотын өндірісі және айналымы кезінде туындайтын мемлекеттік реттеу, биоотынға арналған СЭҚ ТН жеке кодтардың жоқтығы, транзиттік және импорттық баж салығының жоғарылығы жатады.

Қазақстанда биоотын нарығын дамытуымен байланысты мәселелерді нақты қарастыру мақсатында, дөңгелек үстелдің қатысушылары үкіметке мынадай ұсыныстар жасайды:

Елді, биоотын өндірісі үшін жарамды, тамақ және тамақ емес бағыттағы шикізатпен қамтамасыз етілуіне талдау жасалуы қажет.

Үкіметке ішкі нарықтағы биоотынға сұранысты қанағаттандыру үшін керекті зауыт санын анықтауды ұсынамыз.

Жақын және алыс шет елдерге маркетингтік зерттеулер мұқият жүргізіп, отандық биоотынның әлеуетті сату нарығы айқындалуы қажет.

Тамақ ретінде қолдануға жарамсыз биологиялық шикізатты биоотын өндіру үшін басым шикізат деп анықталсын.

Отандық отынның сапасын көтеру, соның ішінде биоэтанолды қосу арқылы оның экологиялық сипаттаманы жақсарту тұрғысында шаралар қабылдансын.

Биоэтанол экспортын дамыту мақсатында, кедендік баж салығын төмендетуді қарастыруымен "99% немесе одан да көп спирт концентрациясымен денатуратталған биоэтанол" тауарға қатысты ЕурАзЭО 2207 СЭҚ ТН тауар ұстанымын бөлшектеу мәселесі пысықталсын.

Бензин және дизель отындарының отандық өндірістің биоотын қосындыларымен бірге қоспасына олардың қоспадағы үлесінің ұлғаюына үйлесімді акциздердің ставкасын төмендетуді ескеретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ "GSP plus" (Жалпыға ортақ жеңілдіктер жүйесі) жеңілдікпен сауда келісіміне қол қою мәселесі пысықталуы абзал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны