10.01.2013, 14:07 3330

Мәжіліс Тараз қаласының жаңа айналма жолын салуға Азия Даму Банкінен займ алу келісімін мақұлдады

Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы аясында "Тараз қаласының айналма жолы" учаскесін қайта салуға арналған ҚР және Азия Даму банкі арасындағы займ жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын қаралды.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс Тараз қаласының жаңа айналма жолын салуға Азия Даму Банкінен займ алу келісімін мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы аясында "Тараз қаласының айналма жолы" учаскесін қайта салуға арналған ҚР және Азия Даму банкі арасындағы займ жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын қаралды.

Аталған заң жобасын Мәжіліс мақұлдады. Енді ол ҚР Парламент Сенатында қаралады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.

Учаскенің жалпы ұзақтығы - 65 шақырым, оның 7,7 шақырымы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болады. Айналма жол көптеген елді мекендер, жайылым мен омарталар орналасқан қаламаңы аумағы арқылы өтетін болғандықтан, құрылыс жобасында 11 көпір мен жол өтпелерін, 155 су өтпе құбырларын, сондай-ақ мал өтпелерін салу жоспарланған. Аталған жасанды құрылыстар транзит көлігіне кедергісіз өтуге және осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны