07.06.2006, 18:13 2965

Мәжіліс үкімет пен есеп комитетінің 2005-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар үкімет пен есеп комитетінің 2005-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бұрынғы жылдармен салыстырғанда барлық дерлік бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері бойынша республикалық бюджеттің орындалу жайы жақсара түскен”,- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Дегенмен, салалық комитет бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Атап айтсақ, “бюджеттік жоспарлау сапасы жақсармай отыр, бюджеттің кіріс бөлігінің салық түсімдеріне жыл бойғы тәуелділігі (корпоративтік кіріс салығының 60-65 проценті ІҮ тоқсанда түседі) сақталуда, сондай-ақ, дивидендтер бойынша болжамдық көрсеткіштер төмендетіліп көрсетілген”.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, “2005-жылы экономикада алаңдаушылық туғызатын ағымдар байқалды. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімінің өсім қарқыны 2004-жылғы 110,4 проценттен 2005-жылы 104,6 процентке дейін төмендеді”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны