04.02.2010, 12:55 2870

Мемлекет қазынасы шикізаттық кәсіпорындардың салығы есебінен лайықты толықтырылуға тиіс - Қазақстан премьер-министрі

Мемлекет қазынасы шикізаттық кәсіпорындардың салығы есебінен лайықты толықтырылуға тиіс - Қазақстан премьер-министрі

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет қазынасы шикізаттық кәсіпорындардың салығы есебінен лайықты толықтырылуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекет басшысы шикізаттық компанияларға салық салу мәселесі бойынша өте айқын тапсырма берді. Сондықтан, уәкілетті органдармен, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бірлесе отырып бұл жұмысты атқарып, мемлекет қазынасы шикізаттық кәсіпорындардың салығы есебінен лайықты толықтырылуына мүмкіндік жасау керек", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер "табиғи рента бүкіл халықтың игілігіне қызмет етуге тиіс" деп атап өтті.

"Тиісті жұмыстарды жүргізіп, менің атыма осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізуді міндеттеймін", - деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны