31.07.2008, 16:23 3812

Мемлекеттік бюджет шығындары 2008 жылдың І жартысында 1,7 трлн теңге болды - ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік бюджет шығындары 2008 жылдың І жартысында 1,7 трлн теңге болды - ҚР Қаржы министрлігі

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік бюджет шығындары 2008 жылдың І жартысында 1,7 трлн теңге болды. ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бүгін мекеменің алқа мәжілісінде осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік бюджет шығындары 2008 жылдың І жартысында 1,7 трлн теңге (қайтарылған қарызды есептемегенде) болып, төлемдерді қаржыландыру жоспарына шаққанда 95,2% орындалды, соның ішінде республикалық бюджет шығындары 1,4 трлн теңге болып, жоспарға шаққанда 97,1% орындалды.

Ал мемлекеттік бюджет кірісі (сыртқы қарызды қоспағанда) 1,6 трлн теңге болып, 98,1% орындалды. Мемлекеттік бюджет кірісінің өсу қарқыны 2008 жылдың І жартысының қорытындысы бойынша 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 121,7% құрады.

"Мұндай жоғары кіріс негізінен корпоративтік кіріс салығы, кедендік төлемдер мен салықтар есебінен қамтамасыз етілді", -деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны