23.01.2009, 17:37 3508

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қаржы саласындағы қазіргі ахуалды ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қаржы саласындағы қазіргі ахуалды ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізіледі. Қаржы жалға берілетін баспана құрылысының көлемін ұлғайтуға бағытталып қайта бөлінеді. Қазір бағдарлама президент әкімшілігінде қаралып жатыр", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны