16.11.2011, 12:51 4311

МГМ мұнай шығару болжамын 650 мың тоннаға азайтты

"Мұнай шығару көлемі көздеген деңгейден 0,5 пайыздық пунктке төмен болып отыр. 2011 жылы 81 млн тонна мұнай шығру жоспарланған болатын. МГМ шығарылатын мұнай көлемін 80,35 млн тоннаға бағалап отыр, бұл жоспарланған көрсеткіштен 650 мың тоннаға кем",- деп мәлім етті Қ. Келімбетов.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Мұнай және газ министрлігі мұнай шығару болжамын 650 мың тоннаға азайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Мұнай шығару көлемі көздеген деңгейден 0,5 пайыздық пунктке төмен болып отыр. 2011 жылы 81 млн тонна мұнай шығру жоспарланған болатын. МГМ шығарылатын мұнай көлемін 80,35 млн тоннаға бағалап отыр, бұл жоспарланған көрсеткіштен 650 мың тоннаға кем",- деп мәлім етті Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны