08.02.2017, 20:21 4829

Монополияға қарсы орган мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы ахуалға мониторинг жүргізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бензин бағасыныӊ көтерілуіне байланысты, мұнай өнімдерін өткізу нарық субъектілеріне және тұтынушыларға мұндай іс-қимылдар негізсіз болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатынын хабарлайды.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бензин бағасыныӊ көтерілуіне байланысты, мұнай өнімдерін өткізу нарық субъектілеріне және тұтынушыларға мұндай іс-қимылдар негізсіз болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатынын хабарлайды.

Сондай-ақ бүгінгі күні "Мұнай өнімдерініӊ жекелеген түрлерін өндіруді және олардыӊ айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу Аи-80 бензинін бөлшек саудада өткізуге қолданылатынын ескертеміз,- деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ баспасөз қызметі.

Бұл ретте, бұрын реттеу қолданылған Аи-92 бензині (мемлекеттік реттеу 2015 жылғы қыркүйектен бастап алып тасталды) мен дизель отынына (мемлекеттік реттеу 2016 жылғы тамыздан бастап алып тасталды) бағаларды бөлшек саудада өткізушілер өз бетінше белгілейді.

Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерініӊ ішкі нарығы (ҚР Энергетика министрлігініӊ деректері бойынша) Ресей Федерациясынан әкелінетін жеткізілімдерден импортқа тәуелді екенін атап өту қажет. Осыған байланысты, импортталатын мұнай өнімдерін сатып алу бағалары бөлшек сауда бағаларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазіргі кезде монополияға қарсы органнарық субъектілері қызметініӊ бәсекелестікті қорғау саласындағы заӊнамаға сәйкес келуі тұрғысынан мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы ахуалға апта сайын мониторинг жүргізеді.Монополияға қарсы ден қою шаралары мұнай өнімдері бағаларыныӊ өсуіне себеп болған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар және нарық субъектілерініӊ келісімдері, үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша қолданылады.

Нарық субъектілерінен ақпарат алу нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заӊнаманы бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізуге бастама жасауға құқылы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны