07.06.2019, 23:44 23113

Монополияға қарсы комитет 1 млрд теңгеден астам сома қаражатты тұтынушыларға тікелей қайтаруды қамтамасыз етті

Тексеру нәтижелері бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2) және 18) тармақшаларында белгіленген нормаларды бұзу фактілері анықталды.

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) "ҚазТрансОйл" АҚ-ға қатысты табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтау мәніне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2) және 18) тармақшаларында белгіленген нормаларды бұзу фактілері анықталды.

Аталған бұзушылықтар "ҚазТрансОйл" АҚ-ның жалпы сомасы 1 041 133 640 теңге 2014, 2016, 2017 жылдар үшін тарифтік сметаны және 2014 жыл үшін инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша міндеттерін орындамауына негізделген.

Осыған байланысты, Комитет 1 041 133 640 теңге сомасына суды магистральдық құбыржолдары бойынша беру жөніндегі қызмет бойынша негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтару туралы бұйрық шығарды.

Сонымен бірге, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінен суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі қызметі бойынша шығарылғанына байланысты, "ҚазТрансОйл" АҚ негізсіз кірісті тұтынушыларға тікелей қайтарды.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар туралы заңнаманың жоғарыда аталған нормаларын бұзғаны үшін "ҚазТрансОйл" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабында көзделген жалпы сомасы 293 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толықтай төленді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны