08.07.2015, 16:15 3735

Мүгедектердіӊ өмір сүруін қамтамасыз етуді жақсартуға 10 млрд теӊгеге жуық қосымша қаражат бөлу жоспарланған - ҚР ДСИДМ

"Бірінші кезекте біз гигиеналық, техникалық құралдар ұсынудыӊ стандарттарын жақсартуға 9,9 млрд қарастырдық", - деді Т.Дүйсенова

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Мүгедектердіӊ өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 2015-2018 жылдарға республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд жуық теӊге бөлу жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстыру барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бірінші кезекте біз гигиеналық, техникалық құралдар ұсынудыӊ стандарттарын жақсартуға 9,9 млрд қарастырдық", - деді Т.Дүйсенова, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Министр айтып өткендей, аталған қаражат мүгедектерге өмір сүрудіӊ барлық салаларындағы нысандар мен қызмет көрсетулерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оныӊ ішінде, медициналық көмек пен мүгедектерді медициналық сауықтырудыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету; медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру; денсаулық сақтау субъектілерініӊ міндеттеріне профилактика бойынша жұмысты қосу; құлағы мүкіс мүгедектер үшін ыммен сөйлеу мамандарыныӊ қызметін арттыру; инклюзивті білім беруді ескеріп, білім беру стандарттарын әзірлеу және т.б.

"Балалардыӊ есту-сөйлеу процессорын ауыстыру үшін 1,5 млрд жуық теӊге қарастырамыз. Имплантациядан өткен балаларды есту-сөйлеу сауықтыруына қосымша қаражат қарастырылған", - деп баса айтты ол.

Министрдіӊ мәліметінше, Қазақстанда 600 мыӊдай мүмкіндігі шектеулі тұлға бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны