05.04.2016, 16:39 4627

Мұнай бағасы 2020 жылға қарай барреліне 80 долларға дейін артуы мүмкін

"Баяндамада мұнай бағасыныӊ болжамына ерекше назар аударылған, оған сәйкес 2020 жылға қарай мұнай бағасы 60 және 80 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл баяндамада келтірілген сарапшылардыӊ тұжырымдамасы. Ол үшін негізгі алғышарттар - нарық тепе-теӊдігініӊ қалпына келуі", - деді Б.Ақшолақов.

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - "Ұлттық энергетикалық баяндаманыӊ" екінші шығарылымындағы болжамдарға сәйкес көмірсутектер бағасы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2020 жылға қарай барреліне 60-80 долларға жетуі мүмкін, деп мәлімдеді KAZENERGY Қауымдастығыныӊ Бас директоры Болат Ақшолақов бүгін баспасөз конференциясында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Баяндамада мұнай бағасыныӊ болжамына ерекше назар аударылған, оған сәйкес 2020 жылға қарай мұнай бағасы 60 және 80 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл баяндамада келтірілген сарапшылардыӊ тұжырымдамасы. Ол үшін негізгі алғышарттар - нарық тепе-теӊдігініӊ қалпына келуі", - деді Б.Ақшолақов.

Ол ұзақ мерзімді перспективада мұнай бағасы жоғары деӊгей - барреліне 100-105 долларға қайтып келетінін айтты. Жалпы, 2035 жылға дейін әлемде бастапқы энергия ресурстарына сұраныс артады деп күтілуде.

"Баяндамадағы бағалар болжамы 2015 жылдыӊ соӊындағы жағдай бойынша жасалған, ол кезде көмірсутектер бағасы барреліне 20 долларға дейін төмендеуі мүмкін деген болжам болды", - деді ол.

Сондай-ақ, баяндамаға сәйкес Қытай энергия ресурстарын өткізетін ірі нарық болып қалады, алайда сұраныс бойынша өсу қарқыны баяулайды.

"Қазақстанныӊ Қытайға көмір және электр энергиясын экспорттауы бойынша мүмкіндіктері осы елдіӊ ішкі нарығымен шектелген, Қытайға уран экспорты болашақта Қытайдағы уранныӊ ашық қорларыныӊ азаюына байланысты 56% үлестен төмендеуі мүмкін, Оған қоса, Қытай бұрынғыдай елдіӊ мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып қалады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны