31.05.2012, 14:50 7138

Мұнай бағасы екі жыл ішіндегі ең төмен деңгейге жетті

Нью-Йорктегі саудада WTI (Light Sweet) мұнайының котировкасы барреліне 89 доллар белгісінен де төмен түсіп кетті. Мәміленің ең төменгі бағасы - барреліне 87,82 доллар - бұл 2011 жылдың қазан айынан бергі ең төмен көрсеткіш деп хабарлайды РБК.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Мұнай бағасы екі жыл ішіндегі ең төмен деңгейге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәрсенбі күнгі саудада мұнай бағасы соңғы екі жыл ішіндегі ең төмен деңгейге жетті. Бұл - Испания рейтингісінің құлдырауы мен теріс макростатистиканың салдары.

Нью-Йорктегі саудада WTI (Light Sweet) мұнайының котировкасы барреліне 89 доллар белгісінен де төмен түсіп кетті. Мәміленің ең төменгі бағасы - барреліне 87,82 доллар - бұл 2011 жылдың қазан айынан бергі ең төмен көрсеткіш деп хабарлайды РБК.

Осыған ұқсас динамика Brent маркалы мұнайдан да байқалды.Сауда қорытындысы бойынша, мұнай барреліне 105 доллардан төмендеген. Brent мұнайы бойынша мәміленің ең төменгі бағасы барреліне 103,47 доллар - 2001 жылдың желтоқсан айынан бергі ең аз көрсеткіш.

Инвесторлар испан экономикасында болуы мүмкін қиыншылықтардан және қарыздық дағдарыс салдарының ұлғаюынан қауіптенуде. Сонымен қатар, сауда алаңдарындағы жайсыздықты Грекияның бірыңғай ортақ валюта кеңістігінен шығып кетуі мүмкіндігі де арттыра түсуде.

Испанияның қарыздық мәселелері ішкі банктік дағдарыс әсерінен ушығуда: ресми емес мәліметтерге қарағанда, Еуропа орталық банкі Испанияның көлемі жағынан төртінші орындағы кредиторы - жартылай ұлттық Bankia банкіне қаржылық көмек көрсету жөніндегі жоспарын құптамаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны