06.05.2008, 16:07 3063

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады

Мұнайдың негізгі түрлерінің құны дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады

Мәскеу. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі түрлерінің құны дүйсенбідегі сауда -саттық қорытындылары бойынша айтарлықтай жоғарлады, деп хабарлайды агенттік "ОМТ-Консалт" тобы компаниясының таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Лондонның InterContinental Exchange биржасында маусым айындағы келісім шартындағы солтүстік теңіз мұнайының бір баррель $3,43 жоғарлап $117,99 құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында келісім шарт бойынша маусым айында жеткізілетін техастың WTI жеңіл мұнайының баррель бағасы $3,65 көтеріліп $119,97 құрады.

"Нью-Иорктың тауар биржасының тұрақты сауда -саттық сессиясының қорытындылары бойынша дүйсенбіде қара алтын бағасы айтарлықтай көтерілді.

Мұнай бағасының кезекті көтерілуі Нигериядан тасымалданатын шикі мұнайға қатысты алаңдаушылықтар мен АҚШ доллары бағамының әлсіреуі әсер етті", - деп хабарланған хаттамада.

Ақпарат көздерінің деректері бойынша, өткен жексенбі күндерінде Нигер өзенінің айрығын босату қозғалысы көтерілісшілердің Royal Dutch Shell PLC компаниясының мұнай инфрақұрылымдарына жасаған кезекті шабуылдары мұнай нарығындағы жағдайды ұшықтырып жіберді. Shell компаниясы Нигериядан күніне шамамен 170 мың баррель тасымалданатын мұнай көлемінің экспортын қысқартты.

Сарапшылардың пікірі бойынша, сондай-ақ мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ-тың макроэкономикалық көрсеткіштері әсерін тиігізді. Онда мемлекетте мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсу мүмкіндігі көрсетілген.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, бүгінгі күні мұнай өнімдері сұранысының жағдайы қолайсыз. "Өткен жылы АҚШ-та мұнай өнімдеріне деген сұраныc 2,7% төмендеп, экономикалық өсімнің қарқындылығы баяулап, отын бағасының жоғары көтерілуі сұранысқа кері әсерін тигізді.

Сарапшылардың топшылауы бойынша, АҚШ-тағы сұраныстың төмендеуі Қытай, Ресей және Үндістан сияқты елдерде тұтыну көлемінің көтерілуі есебінен теңеледі ", - деп айтылған "ОМТ-Консалт" дайындаған апталық мұнай нарығының шолуында.

Шолуда көрсетілгеніндей, дүйсенбіде валюталық нарықта АҚШ доллары бағамының төмендеуі байқалды. Американдық доллардың құнын бағалауға мүмкіндік беретін Dollar Index себеттегі негізгі алты валютамен салыстырғанда 0,46 % төмендеп 73,16 құрады. Мұндай жағдайда нарыққа қатысушылар бағаны жоғарлатуға қосымша мүмкіндік алды, деп хабарланған хаттамада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны