21.04.2020, 19:06 31168

"Нұрлы жол" бағдарламасының бес жылдық қорытындысы: ақылы жолдар, жаңа жұмыс орындары, жүк тасымалының артуы

2019 жылдың қорытындысы бойынша алымдар 5,4 млрд теңгені құрады. Төлем жүйесін одан әрі енгізу мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айында инвестициялық конкрус қорытындысы бойынша 11 мың шақырымға төлем алу жүйесін құруға және қызмет көрсетуге келісімшартқа қол қойылды.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" бағдарламасының бес жылдық қорытындысы: ақылы жолдар, жаңа жұмыс орындары, жүк тасымалының артуы

Қазақстан "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының келесі бесжылдығын іске асыруға кірісті. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуының бірінші бесжылдығының аяқталу қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға дейін, ал жергілікті жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізілді. Еліміздің жол инфрақұрылымы қалай өзгергені және бағдарламаны іске асырудан қандай тиімділік болатыны туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Еске салайық, "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын 2015 жылы сәуір айында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекітті. Бағдарлама мақсаты тиімді инфрақұрылым құру арқылы еліміздің макроөңірлерін кіріктіру болды.

Соның нәтижесінде "Нұрлы жол" бағдарламасы ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Сонымен қоса, заманауи әрі сапалы автомагистралдардың пайда болуына орай жаңа жұмыс орындары құрылды, транзиттік жүк тасымалы артты, әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылды. Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған бес жыл ішінде оның еліміздің ЖІӨ-нің өсуіне едәуір ықпал етінін анықталды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтерінше, Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған уақытта экономикан өсімі 16% деңгейінде қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 3 мың шақырымға жуық автожол салынып, қайта жөнделді. Оның ішінде:

Батыс Еуропа - Батыс Қытай - 527 км, Орталық - Оңтүстік - 324 км, Орталық - Шығыс - 795 км, Қапшағай - Талдықорған - 160 км, Астана (Нұр-Сұлтан) - Петропавл - РФ шекарасы - 177 км, Орал - Каменка - 100 км, Ақтөбе - Атырау - Астрахань - 42 км, Талдықорған - Өскемен - 20 км, Қалбатау - Майқапшағай - 18 км, Бейнеу - Ақтау - 382 км, Жетібай - Жаңаөзен - 73 км, Бейнеу - Ақжігіт - 85 км, Щучинск - Зеренді - 80 км, Таскескен - Бақты - 80 км, Астананың (Нұр-Сұлтанның) Оңтүстік-Батыс айналымы - 34 км, Сәтпаев айналымы - 15 км, Павлодар - Омбы - 59 км, Тобыл өзені арқылы өтетін көпір - 3 км.

10 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар мен 15 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді.

Бағдарламаның аяқталу қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға, жергілікті жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізілді.

Республикалық маңызы бар І және ІІ санаттағы жолдардың ұзындығы 34%-ға дейін жеткізілді (8,2 мың км).

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жол бойы сервисі нысандарымен қамтылуы 100% құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 803 жол бойы сервисі нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 883-ы (49%) ұлттық стандарт талаптарына сай келеді.

Халықаралық ынтымақтастықты арттыру үшін зор мүмкіндіктер

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында теңіз көлігі саласында 2015-2019 жылдары Ақтау портында қуаттылығы 3 млн тонна болатын үш жаңа құрғақ жүк терминалы салынды. Жобаны іске асыру Ақтау теңіз порты арқылы жүктердің тасымалдану көлемін жылына 20,7 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна болатын жиынтық жүктер мен контейнерлерге арналған екі терминалдың салынуы есебінен мүмкін болды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында мультимодальді тасымалдарды дамыту аясында Құрық портында қуаттылығы 6 млн тонна болатын көпфункционалды паром кешені салынды. Нәтижесінде Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн тоннаға дейін артты.

2014 жылмен салыстырғанда бүгінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы құрғақ және паром жүктерін тасымалдау көлемі 3 есеге артты.

Операцияларды жүргізе бастағанна бері Құрық порты 4,8 млн тонна паром жүгін өткізуді қамтамасыз етті.

Паром жүктерін өңдеу процесін жеделдету мақсатында портта "бір терезе" қағидаты бойынша бақылаушы органдардың (кедендік және шекаралық бақылау органдары, СЭС) жұмысы ұйымдастырылды, бұл паром кемелерін 2-2,5 сағатта өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар теңіз тасымалы аясында Құрық ? Баку порттары арасында кемелер мен жүктер туралы электронды ақпаратты алдын ала алмасу жүзеге асырылады.

2019 жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 6 млн тоннаға жуық жүк өткізілді, оның ішінде: 2,2 млн тонна мұнай, 2,5 млн тонна құрғақ жүк пен 1,4 млн тонна паром жүгі бар.

Биыл І тоқсанда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз.

Сонымен қатар жыл басынан бері теңіз порттары арқылы 6 400-ге жуық контейнер тасымалданды, оның ішінде 50%-дан астамы Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша, одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалданды.

Каспий теңізінде жалпы жүк айналымы көлемінің үлесі 21%-дан 38%-ға дейін ұлғайды.

Теңіз көлігін одан әрі дамыту мақсатында отандық сауда флоты жүк көтергіштігі 5 және 7 тоннадан болатын 4 құрғақ жүк таситын кемемен толықтырылды. Бұл жалпы теңіз көлігіндегі тасымалдың артуына оң әсерін тигізеді.

Бұл ретте, қазіргі кезде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша сервис дамытылып, жұмыс технологиясы жетілдіріліп жатыр. Мәселен, биыл сәуір айында Ақтау порты арқылы бағыттарда пайдаланылатын фитинг платформаларының тиімділігін арттырып, айналымыны қысқарту үшін Ақтау - Баку - Ақтау бағыты бойынша фидерлік кемелердің контейнерлік тасымалдары басталды.

ҚР ИИДМ атап өткендей, жоғарыда аталған шаралар бұған дейін дамытылған порт инфрақұрылымымен Каспий - еліміздің Батыс қақпасы теңіз порты инфрақұрылымының халықаралық көлік дәліздері желісіне интеграциясын күшейтуге мүмкіндік берді.

"Нұрлы жол" бағдарламасы іске асырыла бастаған кезден бері ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалының көлемі 86%-ға немесе 750 мың тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін өсті.

Атап айтқанда, Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылғысын салу және мемлекеттік техникалық флотты жаңарту нәтижесінде Ертіс өзені брйынша өтпелі кеме қатынасы қалпына келтіріліп, кеме қатынасының су жолдарының сапасы жақсартылды.

"Нұрлы жол" жаңа бағдарламасы аясында шлюздерді күрделі жөндеу және техфлотты жаңарту жалғасын табуда.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында маңызды жобалар - "Қорғас" ХШЫО және "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА іске асырылды, олар Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін, жалпы экономикасын дамытуға қомақты үлес қоса алады.

"Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА базасында логистикалық әлеуетті дамыту үшін 2015 жылы құрғақ порт пен инфрақұрылым құрылысы аяқталды.

Құрғақ пор Қытай мен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралі шекарасындағы қос теміржол өткелі бар технологиялық қиылыстағы қуатты көлік-логистикалық хаб болып саналады, ол Қытайдан Еуропаға, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне, Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне жүк ағымының тиімді бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2015 жылдың 29 шілдесінен бастап Құрғақ порт коммерциялық пайдалану режимінде, ал 2016 жылдың 24 наурызында нысанды пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.

Құрғақ порттың жалпы аумағы - 129 га, логистикалық және индустриялық аймақтармен кіріктірілген. Құрғақ портта "бір терезе" қағидаты бойынша клинеттерге көлік-логистикалық қызметтердің толық тізімін көрсету, оның ішінде кедендік және брокерлік қызметтерді көрсету мүмкіндігі қарастырылған. 2019 жылы Құрғақ портта 158,2 мыңнан аса ДЭФ (жиырмафуттық эквивалент) өңделді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16%-ға көп.

Төрт жолақты автожолдардың ұзындығы 8,2 мың шақырымға дейін ұзарды

Автомобиль көлігі саласында жиі маршруттардағы тозған автобустардың үлесі 2015 жылдан қазіргі күнге дейін 65%-дан 46%-ға дейін төмендетілді. Бұған қалалық автобустар паркін жаңарту кезінде мемлекеттік қолдау шараларының қабылдануы ықпал етті. Автобус тасымалдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған сәттен өңірлерге 615 автобус жеткізілді.

Автокөлік қызметтерінің халықаралық нарығында қазақстандық жүк тасымалдаушылар үлесі 2015 жылдан қазіргі күнге дейін 40%-дан 47%-ға дейін ұзартылды. Осы үлесті арттыру үшін ҚР ИИДМ тұрақты негізде шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарымен отандық тасымалдаушылардың мүдделерін ескерумен бланк алмасу квотасын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, 2019 жылы 19 сәуірде қабылданған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының аясында отандық жүк көліктері құралдарының паркін ұлғайту бойынша жағдайлар жасау үшін жаңалығы 3 жылдан 7 жылға дейін болатын ершікті тартқышты мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алым мөлшерлемесі 350 АЕК құрады, бұрын жаңалығы 5 жыл болатын және одан асатын ершікті тартқыштар үшін ол 2500 АЕК құрайтын. Бұл тасымалдаушыларға тіркегені үшін төмендетілген алыммен жаңалығы 7 жылға дейін болатын (Евро-5) шетелдік жүк көлігі құралдарын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 2015 жылдан қазіргі күнге дейін халықаралық тасымалдар үшін жүк автокөліктерінің санының 15%-дан 53%-ға дейін артуына ықпал етті.

Өз кезегінде жиі тасымалдардың тиісті жұмыс істеуі үшін жергілікті атқарушы органдардың тарапынан әлеуметтік маңызы бар бағыттардың толыққанды субсидиялануы қажет.

Осыған байланысты 2019 жылы жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау үшін 23,5 млрд теңге бөлді, бұл 2018 жылы бөлінген қаражаттан (18,5 млрд теңге) 20%-ға көп. Бұл өз кезегінде жолаушылар тасымалының рентабельділігін арттыруға және еліміздің өңірлерінде субсидияланатын автобустар паркінің жаңаруына ықпалын тигізеді.

"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру аясында І және ІІ санаттағы 4 жолақты автожолдардың (8,2 мың шақырымға дейін) ұзындығы ұлғайтылды, Орталық Азиядағы негізгі көлік дәлізі ретінде қызмет ететін, шығыс пен батысты жалғайтын "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автомобиль магистралінің реконструкциясы бойынша мегажоба іске асырылды, сондай-ақ бағдарламаның арқасында автожолдарды салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі алғаш рет пайдаланылды, сонымен қатар қымбатқа түсетін күрделі жөндеуден үнемділігі жоғары салқын ресайклинг әдісіне көшу басталды, сондай-ақ жергілікті желі жолдарын дамыту басымдығы артты, жыл сайын оларды дамытуға кемінде 200 млрд теңге бөлініп отырады.

Ақылы жолдар - қауіпсіз әрі ыңғайлы жол жүруді қамтамасыз ету тәсілі

Жолдардың өзін-өзі қамтамасыз ету режміне көшуі мақсатында автомобиль жолдарында ақы алу жүйесі алғаш рет енгізіліп, ол өзінің тиімділігін көрсетті. Мәселен, бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт учаске (Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы - Қорғас, Алматы - Қапшағай) бар, бұл жолдарды күтіп ұстау жолда жүргені үшін алым жинау есебінен жүзеге асырылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша алымдар 5,4 млрд теңгені құрады. Төлем жүйесін одан әрі енгізу мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айында инвестициялық конкрус қорытындысы бойынша 11 мың шақырымға төлем алу жүйесін құруға және қызмет көрсетуге келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында биыл ұзындығы 5,7 мың шақырым болатын реконструкцияланған учаскелерде төлем алу жүйесін монтаждау жоспарланған. Жыл соңынан тестілік пайдалану үшін іске қосу көзделген.

Қалған 5,3 мың шақырымда 2024 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына орай ақылы жүйені енгізу жоспарланған.

Ақылы учаскелерді енгізудің негізгі мақсаты - республикалық бюджеттің жүктемесін азайту. Ақылы учаскелерден жиналған қаражат осы учаскелерді және төлем алу жүйесін республикалық бюджеттен қаражат бөлмей күтіп ұстауға бағытталады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру мақсаты автомобиль жолдарының күтіп ұстау сапасы мен сақталуын арттыру, жол апатын азайту, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін жамыту болып отыр.

Бағыттарды оңтайландыру басымдығымен жаңа темір жолдар салу

Темір жол инфрақұрылымы саласында бүгінде өңірлер арасында тікелей жол қатынастарын құру, сондай-ақ қазақстандық бағыттардың транзиттік жүк жолдаушылар үшін тартымдылығын арттыру арқылы республика ішіндегі тасымалдар бағыттарын оңтайландыруға басымдық берумен оңтайлы темір жол желісін құру аяқталды.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2016 жылы ұзындығы 14 шақырым болатын "Боржақты - Ерсай" темр жол желісі пайдалануға берілді, ол Құрық портындағы паром кешенін темір жол магистралімен қосты.

Сонымен қатар, 2017 жылы ұзындығы 112 шақырым болатын "Шу - Алматы" учаскесіндегі екінші жолдардың құрылыс жобасы бойынша жұмыстар аяқталды.

Жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне пойыздардың 17 жұбынан 68 жұбына дейін арттыруға мүмкіндік берді, ал жүк жөнелтушілер үшін нақты пайдасы учаскеде тасымалдау уақытының 2,5 есеге қысқаруы болды, бұл пойыздар қозғалысының есептік жылдамдығын екі есе арттыру есебінен мүмкін болды.

Негізгі халықаралық дәліздер бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың жаңа технологияларын дамыту және енгізу контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын тәулігіне 1108 шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қоса, жүктерді тасымалдаудағы артып келе жатқан қажеттіліктер мен жүк жөнелтушілердің үміті транзиттік бағыттағы жүктерді өңдеу және жеткізу жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға дейін одан әрі арттыру қажеттігін көрсетеді, бұл Нұрлы жол екінші бағдарламасының аясында қарастырылған.

Сонымен қатар өткен жылдан бастап "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңының жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол тасымалдаушылардың бәсекелі нарығындағы тасымалдау бағдарын және тасымалдау процесінің әрбір қатысушысының рөлін, құқықтарын, міндеттерін анықтауды ескерумен темір жол саласын реформалауға бағытталған.

Сонымен қоса, сервистік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі поездар мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жолаушылар жылжымалы құрамының тозу деңгейін азайту және уақытылы жаңарту мақсатында вагондарды сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және бюджеттік несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, іске асырылып жатыр.

Жалпы, мемлекеттік бағдарлама өзінің мультипликативті тиімділігін көрсетті - сатып алынған 1489 фитинг платформасы транзитік тасымалдарға бағытталған және контейнерлік тасымалдар көлемін 23%-ға (2018 жылы 537 мың ЖФЭ-тен 2019 жылы 664 мың ЖФЭ-ге дейін) және транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті 20%-ға (2018 жылы 253 млрд теңгеден 2019 жылы 302 млрд теңгеге дейін) арттыруға мүмкіндік берді

310 ашық вагон жылу маусымы кезеңінде 2 млн тоннадан астам көмірді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

580-ге жуық ашық вагон республика ішіндегі жол қатынасында жүріп жүр.

2019 жылы бюджеттік сыйақы мөлшерлемесі аясында 2 441 вагон (62 жолаушылар вагоны, 2 379 жүк вагоны) субсидияланды.

2019 жылы бюджеттік лизин аясында 77 жолаушылар вагоны алынды, сатып алынған вагондар "Алматы - Маңғыстау" пойызының құрамын 100% көлемде жаңартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ "Нұр-Сұлтан - Сарыағаш", "Нұр-Сұлтан - Атырау", "Алматы - Атырау" пойыздарының құрамы жартылай жаңартылды.

Вагондар тапшылығы 250-ден 160 вагонға дейін азайтылды. Мыңнна аса елді мекендер темір жол қатынасымен қамтылды.

Қабылданған шаралардың арқасында, "Тұлпар" вагон құрастыру зауыты" ЖШС отандық зауытының тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді, зауытта 130 жұмыс орны және пойыз бригадасы мен қызмет көрсетуші персонал бойынша 500-ге жуық жұмыс орны құрылды.

Алайда жолаушылар вагондарының тозуы мәселесі министрліктің алдында тұрғаны аса өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр, жаңа бағдарлама аясында жыл сайын 100 вагоннан сатып алу көзделген.

Қазақстанның әуежайлары "Нұрлы жол" аясында жөнделді

2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту.

Қазақстан әуежайларында жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр және бұл өз кезегінде қазіргі заманауи әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Ұшу-қону жолақтарының жай-күйі және аэровокзалдың басқа да нысандары жыл сайын Қазақстан Республикасының жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттаудан және тексеруден өтеді. Қажеттілігіне қарай реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған басқа да құжаттар әзірленеді.

2015 жылы Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Меншік иесінің қаражаты есебінен "СКАТ" әуе компаниясы Тараз қаласы әуежайының аэровокзалын реконструкциялады. Нысан 2015 жылғы қараша айында пайдалануға берілді және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.

2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, перронды, жермен жүру жолын және аэровокзал кешенін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

2017 жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. "Экспо-2017" мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде аэровокзал толық көлемде жұмыс істеді.

Жаңа жолаушылар терминалының жалпы ауданы - 47 мың м?, өткізу қабілеті - жылына 8,2 млн жолаушы немесе сағатына - 2525 жолаушы.

2017 жылы Алматы қаласы әуежайының меншік иесінің қаражаты есебінен ИКАО ІІІ В санатына дейін көтерумен ұшу-қону жолақтарының бірін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "Өскемен қаласының халықаралық әуежайының сағатына 200 жолаушымен ұшып келу терминалы" құрылысының жобасын жүзеге асырды. Құрылыс жобасын іске асыру "Ертіс" ӘКК"ҰК" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүргізілді.

Сондай-ақ, 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын және аэровокзалын қайта жаңарту" жобасын іске асырды.

2019 жылы Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қандай инженерлік инфрақұрылым жаңартылды

Бағдарлама бөлімдерінің бірі - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу), олар бюджеттік несиелеу және субсидиялау тетігі арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін тозуды 67%-дан 57%-ға дейін төмендету жоспарланған. Бұдан өзге, тұтынушыларға ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту көзделген.

2015-2019 жылдар аралығында 418 жобаны жүзеге асыру үшін 267,1 млрд теңге бөлінді, 3 482,6 шақырым жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері, 24 қазандық, 88 басқа да нысандар салынып, реконструкцияланды.

ҚР ИИДМ 2019 жылдың соңына қарай желілердің тозуы 57%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру жылдары 500 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

2015-2019 жылдары "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспардағы 392,9 мыңның орнына 559,3 мың жұмыс орны құрылды, олардың ішінде тұрақтысы - 93,9 мың және уақытшасы - 465,4 мың жұмыс орны.

Құрық портында паром кешенін салу іске асыру кезеңінде шамамен 3000 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді және қазіргі уақытта тұрақты негізде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Алматы ? Шу учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы шамамен 1400 адамды уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

"Нұрлы жол" вокзал кешенінің құрылысы кезінде 2400-ге жуық адам жұмылдырылды, бүгінгі таңда кешенде шамамен 800 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында белсенді құрылыс жұмыстары маусымының жедел іске қосылуы

"Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламаларын жүзеге асыру жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға оң серпін береді және белсенді құрылыс жұмыстары маусымын тездетеді, сондай-ақ макро- және микроэкономикалық көрсеткіштерді жақсартады:

халықты жұмыспен қамту;

жұмыс көлемін ұсыну есебінен құрылыс фирмаларын қолдау;

битум қажеттілігі есебінен құрылыс материалдарын, оның ішінде мұнай-химия зауыттарын өндірушілерді қолдау;

инфрақұрылымды жөндеу есебінен аудандардағы әлеуметтік ахуалды жақсарту, сондай-ақ олардың экономикалық дамуын жақсарту;

облыстар мен жалпы ел экономикасына қолайлы әсер ету.

"Нұрлы жол" аясында құрылыс маусымын жедел іске қосу асында облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері мердігер ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді бастады және жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы жүргізу және оның тоқтап қалмауы үшін қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарын дайындау жұмыстарын жүргізуде.

Бекітілген күнтізбелік кестеге сәйкес, мердігер ұйымдар мамандандырылған техника мен ИТЖ-ны жақын арада орналастыруды, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың екінші тоқсанында бастауды жоспарлап отыр.

Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту мақсатында әкімдіктер "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК-ны тартатын болады.

Сонымен бірге, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әкімдіктер құзыреті шегінде ұсынған жобалардың тізімі автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілді.

"Нұрлы жол" бағдарламасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейтуді көздейді

"Нұрлы жол" бағдарламасы автожолдар құрылысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейтуді көздейді. Жол құрылысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамыту және кеңейту "Нұрлы жол" бағдарламасын инфрақұрылымдық дамытудың көзделген мақсаттарына қол жеткізуге үлкен әсер береді. МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтарға ие болғандықтан, оларға жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту жолымен бюджетке түсетін жүктемені азайту, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл үлгілерін кеңейту және тәуекелдерді тиімді бөлу жатады.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МЖӘ тетігін қолдана отырып, 2017 жылы Қазақстан ? Қытай шекарасында "Нұр жолы" автомобиль өткізу бекетін салу және пайдалану" туралы республикалық маңызы бар МЖӘ-нің алғашқы келісімшарты жасалды. Нысан 2018 жылы салынып, жұмыс істей бастады.

Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша тіркеу басталғаннан бастап өткізу пунктінен шығарылғанға дейін орталықтың аумағы бойынша автокөліктің өту уақыты 180 минуттан 40 минутқа дейін қысқартылды.

Қазіргі уақытта өткізу пунктінде Қазақстан-Қытай шекарасында күніне 200-ден астам автокөлік құралымен жүк тасымалы қамтамасыз етіледі, алдағы жылдары оны тәулігіне 2500 автокөлікке дейін арттыру көзделген. Бұл жыл сайын импорт пен экспорттан 50 млрд теңгеден астам сомаға кіріс табуға жол ашады, өз кезегінде бұл жобаның өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етеді.

Бұған қоса, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2015 жылы 20 жыл ішінде ұзындығы 66 шақырым болаты "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ)" салу және пайдалануға беруге концессионерді анықтау бойынша екі кезеңнен тұратын конкурс өткізілді. Өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы анықталды және 2018 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен конкурстың жеңімпазы - "Алсим Аларко - Макйол ? СК ? Корея Экспрессвей" түрік-корей консорциумы арасында республикалық маңызы бар бірінші концессиялық шарт жасалды.

2019 жылы жобаны қаржыландыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Осы жылдың басында Қазақстан Республикасының Үкіметі, Концессионер және жобаның кредиторлары арасында Тікелей келісімге қол қойылды. Биылдан бастап жобаны іске асыруға кемінде 150 млрд теңге сомасындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны қамтамасыз етілетін болады, бұл 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған құрылысты қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, жүргізілген талдауларға сәйкес 15,5 жыл ішінде жол ақысынан түскен қаражаттың жалпы сомасы 231 млрд теңгені, 25,5 жыл ішінде 570 млрд теңгені құрайды, осылайша жоба өзін-өзі ақтайды.

Осылайша, "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы республикалық бюджетке ауыртпалық түсірместен, ірі инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде өзін-өзі ақтаудың тиімділігіне қол жеткізуде тәжірибе жинай отырып, МЖӘ тетіктерін кеңейту мен дамытуға оң әсер етті.

Бағдарламаның екінші бесжылдығының мақсаттары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Cындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" бағдарламасын толыққанды және сапалы орындау атқарушы биліктің назарында болуы керек деп атап өтті.

"Бұл - стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады", - деді Қазақстан Президенті.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция салады.

Осылайша, бес жыл ішінде жүзеге асырылған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы өзінің табыстылығы мен Қазақстанның экономикалық өсуі үшін маңыздылығын дәлелдеді, бүгінде ол 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасында өз жалғасын тапты.

2019 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді, мобильділікті, еңбек өнімділігі мен тұрмыс сапасын арттыратын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған.

Бағдарлама аясында 2025 жылға дейін жалпы сомасы 5,5 трлн теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы негізгі міндеттер:

10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың км өтпелі жобалар), сондай-ақ республикалық желідегі 11 мың км жолды күрделі және орташа жөндеу.

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға, ал I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының ұзындығы 60%-ға дейін артады.

облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың км-ден астам жолды жөндеу және олардың жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95%-ға дейін жеткізу.

Достық ? Мойынты учаскесін жаңғырту және Мойынты ? Ақтоғай учаскесін электрлендіру.

600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу.

16 аэродром салу.

48 кеме сатып алу, оның ішінде 6 сауда флоты және шлюздерді күрделі жөндеу.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда:

Еңбек өнімділігін 2016 жылғы деңгейіне қарағанда 40%-ға арттыру;

"Көлік және қоймалау" саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуін 2016 жылғы деңгейіне қарағанда 308%-ға ұлғайту;

550 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ашу (48,5 мың ? тұрақты, 502,2 мың ? уақытша);

Республикалық маңызы бар автожолдардың 100%-ын, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95%-ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу;

Логистика тиімділігінің индексі бойынша 50 орын, индекс әрбір 2 жыл сайын бағаланады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ? 71 орын;

ДЭФ ЖБИ "Инфрақұрылым" бойынша 49 орын, жыл сайын бағаланады, 2019 жылдың қорытындысы бойынша - 67 орын.

Басым міндеттердің бірі - тұрғындарды үйге апаратын жолмен, яғни жалпы желісі 70,9 мың км құрайтын жергілікті жолдармен қамтамасыз ету.

2020 жылы 4 мың км автожол құрылыс жұмыстарымен қамтылды:

Қарағанды ? Балқаш - Қапшағай, Ақтөбе - Атырау - Астрахань, Талдықорған ? Өскемен, Қалбатау - Майқапшағай, Көкшетау - Петропавл - Қорған, Ұзынағаш - Отар, Меркі - Бурылбайтал, Қостанай - Денисовка, Үшарал ? Достық.

Республикалық желінің техникалық жағдайын қалпына келтіру және қолдау үшін күрделі және орташа жөндеумен 1,5 мың км (оның ішінде 438 км күрделі жөндеумен және 1,1 мың км орташа жөндеумен) автожолдарды қамту жоспарланып отыр, оған 59 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда орташа жөндеу бойынша 51 конкурстың 18 қорытындыланды.

Биыл жалпы ұзындығы 2,6 мың км автожол учаскелерінде қозғалысты ашу жоспарланған, ол үшін бүгінгі таңда жалпы жылдық қажеттіліктен 27% қиыршық тас, 44% ТББ және 14% битум дайындалды.

Осы жылдан бастап республикалық маңызы бар 5,7 мың км автожол ақылы болады.

Азаматтық авиация саласында осы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың және Шымкент қаласының әуежайында жолаушылар терминалының құрылысын аяқтау көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ішкі туризмді ынталандыру үшін осы жылы Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялауды бастау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны