19.02.2015, 12:56 4379

Нанныӊ және ұнныӊ бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 700 мыӊ тоннадан астам бидайды алдын ала қарастырды

Нанныӊ және ұнныӊ бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылғы қаӊтардан бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) өӊірлерге 18 мыӊ тоннадан астам азық-түліктік бидайды жөнелтті

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Нанныӊ және ұнныӊ бағасын тұрақтандыру мақсатында 2015 жылғы қаӊтардан бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) өӊірлерге 18 мыӊ тоннадан астам азық-түліктік бидайды жөнелтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы алғанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және облыстардыӊ, Алматы және Астана қалаларыныӊ әкімдіктері арасында жасалған 1 сұрыпты бидай ұнынан дайындалған қалыпты нанға және 1 сұрыпты ұнға облыстарда бағаны тұрақтандыру туралы меморандумдар бойынша өӊірлерге 738 мыӊ тонна астық жөнелту қарастырылды. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2015 жылдыӊ қаӊтарынан бастап қыркүйегіне дейін. Үстіміздегі жылдыӊ 1 тоқсанында сатылатын бидайдыӊ бағасы - тоннасына 43 000 теӊге, одан әрі астықты қайта өӊдеушілердіӊ шығындарын әкімдіктер субсидиялайтын болады.

Сонымен қатар құс, мал, шошқа шаруашылықтарын жеммен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы, "Қазақстан ет одағы" ЖКжЗТБ, "Қазақстан шошқа өсіруші шаруашылықтары одағы", "Қазақстан құс өсірушілер одағы" ЗЖТО арасында жемдік астық жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған бағдарламаны іске асыру кезеӊі 2015 жылдыӊ ақпанынан бастап мамырына дейн белгіленді.

Шаруашылықтардыӊ астыққа қажеттілігініӊ ай сайынғы кестесіне сәйкес жемдік астық жеткізілімініӊ жалпы көлемі төмендегідей белгіленді:

- асыл тұқымды ірі қара малды көбейту бойынша бордақылау алаӊдары мен шаруашылық-репродукторлары- 16,2 мыӊ тонна;

- шошқа өсіретін шаруашылықтар - 44 мыӊ тонна;

- құс өсіретін шаруашылықтар - 215,6 мыӊ тонна.

Асыл тұқымды ірі қара малды көбейту бойынша бордақылау алаӊдары мен шаруашылық-репродукторлары, шошқа өсіретін шаруашылықтар үшін тоннасы 32 500 теӊгеден 5 топтағы бидай мен 2 топтағы арпа, ал құс өсіретін шаруашылықтар үшін тоннасы 37 500 теӊгеден 4 топтағы бидай жөнелтілетін болады.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ныӊ негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өӊделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаӊарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанныӊ Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияныӊ жалғыз акционері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны