16.05.2014, 21:00 4299

Наурызда орташа айлық жалақы 116 768 теңгені құрады

"Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы сәуірдің соңына 60,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады", - деді ол.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 116768 теңгені құрды, бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов.

"2014 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 60178 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы наурызға қарағанда 9,4% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3% өсті", - деді А. Смайылов.

Сондай-ақ, ол 2014 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 116768 теңгені құрағандығын атап өтті.

"Бұл көрсеткіш 2013 жылғы наурызға қарағанда 7,3% өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы наурызға 101% құрады", - деді ол.

Ол 2014 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 465,8 мың адамды құрағандығын атап өтті.

"Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы сәуірдің соңына 60,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны