08.12.2012, 09:12 2102

"Нұрбанк" АҚ Талдықорған қаласының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандығы туралы хабарлады

"Нұрбанк" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Сәкен Тұрдалиев Талдықорған қаласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Нұрбанк" АҚ Талдықорған қаласының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандығы туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Нұрбанк" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Сәкен Тұрдалиев Талдықорған қаласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалай отырып, өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады, сондай-ақ облыс тұрғындарының әлеуеттік мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтап, қол қойған құжатта екі жақтық ынтымақтастықтың жалпы бағыттарын белгіледі.

Көбінесе тараптар мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруда бірлескен жоспар құру туралы, несиелендірудің бірлескен бағдарламаларын әзірлеп, оларды жүзеге асыру, бірлесіп қаржыландыру мәселелері туралы келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны