14.07.2015, 18:02 3643

"Нұрлы жол" аясында 2,4 трлн теӊгеніӊ 12 жобасы жүзеге асырылуда - ҚР ИДМ

Мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы құны 2,4 трлн теӊгені құрайтын 12 автожол жобасы іске асырылуда, деп хабарлады ҚР ИДМ

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы құны 2,4 трлн теӊгені құрайтын 12 автожол жобасы іске асырылуда, деп хабарлады ҚР ИДМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жобаларды 2020 жылға дейін толығымен аяқтау мақсатында 1 трлн теӊге көлемінде жаӊа займ алу, сонымен қатар бұрын алынған займдарды үнемдеу есебінен 137,3 млрд теӊгені пайдалану көзделген, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Жеӊіс Қасымбек іске асырылып жатқан жобалардыӊ әрқайсысына тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінгі күні "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автодәлізініӊ 1884 км жолы толығымен аяқталды, Шымкент-РФ шекарасы учаскесінде, сонымен бірге Жамбыл облысында толығымен қозғалыс ашылды.

Бүгін бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 3 есеге артты. 2015 жылы Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысыныӊ шекарасы, Тараз қаласын айналып өту және Алматы-Қорғас учаскелерінде жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Учаскелердегі жұмыстарды аяқтау 2016 жылға жоспарлануда.

Орталық-Оӊтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс бағыттары бойындағы жаӊа дәліздер ашылды.

Қазіргі уақытта Орталық-Оӊтүстік жобасы іске асырылуда. 2013 жылы Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай бағытындағы 2 учаскеде жұмыстар басталып, 22 км жол реконструкциядан өтті: Астана-Теміртау (12 км) және Алматы-Қапшағай (10 км). Осы учаскелерде жұмыстарды толығымен аяқтау 2016 жылға жоспарлануда. Қарағанды-Қапшағай (1037 км) учаскесі бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Құрылыс жұмыстарын бастау 2016 жылдыӊ сәуіріне жоспарланған.Астана мен Өскемен қалалары арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету үшін Павлодар және Қалбатау елді мекендері арқылыОрталық-Шығыс жобасын іске асыру басталғаны белгіленді. Бүгінгі күні Семей-Қалбатау учаскесініӊ 118 км жолы күрделі жөндеуден өтті. Қалған 493 км жолда жұмыстар жалғастырылады.

Бұдан тыс Астана-Павлодар (443 км) және Павлодар-Семей (53 км) учаскелерінде мердігерлер анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны