05.10.2017, 18:56 5558

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласында жалпақ шыны өндіретін және өӊдейтін зауыттыӊ құрылысымен танысты

Зауыттыӊ өндірістік қуаты жылына 197 мыӊ тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласында жалпақ шыны өндіретін және өӊдейтін зауыттыӊ құрылысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы Қызылорда қаласында салынып жатқан зауыттыӊ құрылысын көрді.

Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өӊірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардыӊ өкілдерімен кездесті.

- Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді Қазақстан Президенті.

Зауыттыӊ өндірістік қуаты жылына 197 мыӊ тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны