10.05.2018, 20:48 4388

Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғанныӊ бизнес өкілдерімен кездесті

Кәсіпкерлер палатасында болған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, жергілікті бизнес пен билік арасындағы қарым-қатынасқа назар аударды.

Талдықорған. 10 мамыр. Kazakhstan Today -Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы Кәсіпкерлер палатасына барып, жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Елбасына "Atameken Business Cіtу" ғимаратыныӊ тұжырымдамасы таныстырылды. Аталған нысандаopen space форматында Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетіп отырған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер палатасында болған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, жергілікті бизнес пен билік арасындағы қарым-қатынасқа назар аударды.

Бизнесмендер кәсіпкерлік саласын дамытуда Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы әкімдігініӊ бірлесіп атқарған жұмысын жоғары бағалап отыр.

"Алматы облысы ешбір өӊірге ұқсаматын, бірегей аймақ. Біріншіден, тауы, даласы мен өзендері жарасқан еліміздіӊ еӊ көрікті жерлерніӊ бірі. Екіншіден, мұнда өнеркәсіп пен экономика да жақсы дамыған. Үшіншіден, бұл шекаралық облыс (...) Соӊғы үш жылда бұл өӊір жақсы жетіліп келеді. Икім және қызметкерлері жан-жақты тиімді қызмет атқаруда. Меніӊ тапсырмам - осында өндіруге болатын бағытты дамыту. Қант қызылшасын өсіру облыста қашанда басымдыққа ие болатын. Қазіргі таӊда жаӊа қант зауыттары іске қосылған. Қантты импорттайтынымыз белгілі, мұнда 60 мыӊ тонна қант өндіріліп жатыр. Мүмкіндіктер бар. Жеміс-жидек шаруашылығы да маӊызды сала", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Аматы облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов Мемлекет басшысын кәсіпкерлер құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау көрсету, ауыл шаруаларын шоғырландыру, жобаларды қаржыландыруға көмектесу бойынша атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Бұған қоса Палата директоры адами капиталды дамытудағы негізгі бағыттар, сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған "Бастау" жобасына тоқталды.

"Биыл "Бастау" бойынша оқыту облыстыӊ барлық аудандары мен қалаларында жүргізіледі. Былтыр жоба аясында 1 312 адам оқыса, биыл 3 мыӊнан астам адам қамтылады деп жоспарланған. Шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теӊге бөлінді, осы мүмкіндік арқылы биыл жоба санын 650-ге дейін ұлғайтып, қаржыландыру көлемін арттырмақпыз", - деді Нариман Ибілшайықов.

Кездесу соӊында Мемлекет басшысы жұмыс сапарын қорытындылап, 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға назар аударуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны