28.09.2020, 19:08 6343

"Оңтүстік" АЭА-да қызмет ететін 15-тен астам кәсіпорынға су бұру қызметі үшін 153 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады

Субъект арасындағы сот даулары ТМРК-ның Шымкент қаласы бойынша департаментінің пайдасына шешілді және заңды күшіне енді. Нәтижесінде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы" АҚ-ы жалпы сомасы 153 949 490 теңге негізсіз табысын "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағының аумағындағы 15-тен астам заңды тұлғаға қайтарады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Оңтүстік" АЭА-да қызмет ететін 15-тен астам кәсіпорынға су бұру қызметі үшін 153 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген міндетті орындамағаны үшін, атап айтқанда уәкілетті органмен бекітілмеген тарифсіз су бұрудың реттелетін қызметін көрсеткені үшін "Оңтүстік" АЭА Басқарушы компаниясы" АҚ-на 15,4 млн.теңге айыппұл салған болатын.

Содан кейін, "Оңтүстік" АЭА Басқарушы компаниясы" АҚ-ның атына реттеліп көрсететін су бұру қызметін уәкілетті органмен бекітілмеген тарифі бойынша негізсіз алынған кірістің жалпы 153 949 490 теңге соманы "Оңтүстік" АЭА аумағында жүзеге асыратын кәсіпорындарға қайтару бойынша нұсқама енгізілді.

Субъект арасындағы сот даулары ТМРК-ның Шымкент қаласы бойынша департаментінің пайдасына шешілді және заңды күшіне енді.

Нәтижесінде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы" АҚ-ы жалпы сомасы 153 949 490 теңге негізсіз табысын "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағының аумағындағы 15-тен астам заңды тұлғаға қайтарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны