20.02.2014, 19:15 19650

ӨДМ 8 кодекс, 55 заң мен 30 НҚА-ге өзгерту енгізеді - С. Жұманғарин

"Ир ұсынысты мүдделi мемлекеттiк органдар талқылады. Олардың iшiнде 96 ұсынысты орындау мақұлданды. Таяу арада 8 кодекске, 55 заңға және түрлi деңгейдегi 30 заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер енгiзудi көздейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленетiн болады", - дедi С.Жұманғарин.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Өңірлік даму министрлігі бизнестің дамуына кедергi келтiретiн заңдарға өзгерiстер енгiзетiн нормативтiк-құқықтық актiлер әзiрледi. ӨДМ 8 кодекс, 55 заң мен 30 НҚА-ге өзгерту енгізеді. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бизнес қауымдастықтар өкiлдерiнен арнайы құрылған сараптамалық топ бизнестiң дамуына кедергi келтiретiн жеке нормаларды алып тастау немесе өзгерту бойынша 231 ұсынысты талдады", - деді вице-министр.

"Ир ұсынысты мүдделi мемлекеттiк органдар талқылады. Олардың iшiнде 96 ұсынысты орындау мақұлданды. Таяу арада 8 кодекске, 55 заңға және түрлi деңгейдегi 30 заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер енгiзудi көздейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленетiн болады", - дедi С.Жұманғарин.

Сондай-ақ, вице-министр тексеру шеңберiнде мемлекеттiк бақылау және қадағалауды оңтайландыру, мемлекеттiк органдардың бақылау функцияларын азайту жөнiнде ұсыныстар әзiрленгенiн де назардан тыс қалдырмады.

"Атап айтқанда, тексерiстер санын азайту, оларды тәртiпке келтiру және мемлекеттiк бақылау тиiмдiлiгiн бағалау бойынша шаралар ұсынылды. Мәселен, Үкімет тексерісті қысқарту туралы "ҚР-дағы мемлекеттік құзыр мен қадағалау туралы" Заңда айтылған. Бұл қауіп төндіретін субъектілерді тексеру жоспарынан алынған болатын", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны