20.04.2018, 23:00 5505

ОҚО мен Египеттіӊ Қызыл теӊіз провинциясы арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді

Келісім шеӊберінде Онтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теӊіз провинциясы арасындағы өзара ынтымақтастық екіжақты серіктестік қатынастар мен экономикалық, мәдени, ғылыми, техникалық, спорттық, экологиялық және туристік салаларда жүзеге асырылады

Шымкент. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Т.Сәрсенбаев Египеттіӊ Қызыл теӊіз провинциясыныӊ губернаторы Ахмед Абдалламен, Оӊтүстік Синай провинциясыныӊ губернаторы Халед Фодамен және Мысыр Араб Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайсам Ибраһим мырзалармен кездесті.

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан-Египет арасындағы қарым-қатынастыӊ қарқынды әрі көп қырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті.

Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты нығайту үшін Онтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теӊіз провинциясы арасында меморандумды түзілді.

Келісім шеӊберінде Онтүстік Қазақстан облысы мен Қызыл теӊіз провинциясы арасындағы өзара ынтымақтастық екіжақты серіктестік қатынастар мен экономикалық, мәдени, ғылыми, техникалық, спорттық, экологиялық және туристік салаларда жүзеге асырылады.

Кездесуде сөз алған облыс әкімініӊ орынбасары Т.Сәрсенбаев бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысы қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикалық әлеует шоғырланған өӊір екенін атап өтті.

"Облыстыӊ экономикасы әртараптандырылған. Шикізатты сатудан тәуелді емеспіз - өӊір экономикасыныӊ 60 пайыздан астамы өӊдеу өнеркәсібінде. Мұнда шағын және орта бизнес дамыған, мәселен, облыста 177 мыӊнан астам бизнес субьектілері тіркелген. Біздіӊ облысымызда шетелдік инвесторларға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгінде облысымызда Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан түрлі салалардағы инвестициялық жобаларды 3 млн. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялауға мүмкіндігі бар қаржылық институттар құрылғанын айтқым келеді",-деді Т.Сәрсенбаев.

Бүгінгі қол қойылған келісім "Қазақстан-Мысыр достығыныӊ қауымдастығы аясында іске асырылып отырғанын айтқан губернатор Ахмед Абдалла бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, "Қызыл теӊіз" провинциясы - Мысыр елініӊ шығысында орналасқан Қызыл теӊіз жағалауы бойындағы облыс.

Сонымен бірге мәртебелі мейман "Қызыл теӊіз" провинциясыныӊ туристтік әлеуетін қысқаша баяндап, өӊір курорттық зоналар мен қонақ үйлер көп шоғырланған ірі туристтік орталық ретінде танымал екенін мәлім етті. Оныӊ айтуынша, ондағы қонақ үйлердіӊ жалпы жатын орны 80 мыӊды құрайды екен. Сондай-ақ, жылына 6 миллион туристті қарсы алуға әлеуеті жететін туристтік аймақта 18 млн. адамды қабылдай алатын үш аэропорты бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны