14.03.2011, 13:47 3806

ОҚО тауар өндірушілері Алматыға 150 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкелетін болды

ОҚО тауар өндірушілері Алматыға 150 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкелетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкент. 14 - наурыз. Kazakhstan Today - ОҚО тауар өндірушілері Алматыға 150 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкелетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы әкімдіктері бұрыңғы астанаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы меморандумға қол қойған. Құжатқа Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов кеңестен кейін қол қойды.

"Меморандум аясында Алматы сауда кәсіпорындары мен ОҚО ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында тікелей келісім, шарттарға қол қою жұмыстары жүргізілетін болады, нәтижесінде делдалдар тізбегін айналып өту мүмкіндігі туады. Жүргізілетін жұмыстың арқасында Алматы нарығын қолайлы бағамен көкөніс пен ет өнімдерімен жабдықтауға мұмкіндік пайда болады", - делінген Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Қол қойылған меморандумға сәйкес, ОҚО әкімдігі Алматыға жеткізетін облыстың аудандары мен қалаларының көкөніс пен ет өнімдерін өндірушілерін анықтап, көкөніс пен ет өнімдерін сатушылары мен Алматының сатып алушыларының арасында келісімдерге қол жеткізуге көмек көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны