07.02.2017, 18:53 5211

ОҚО Түлкібас ауданындағы Машат өзенінде су электр станциясы салынбақ

Баламалы энергия көздерініӊ жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді.

Шымкент. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында Түркия Республикасынан келген инвесторлармен Түлкібас ауданыныӊ әкімі Иуелхан Тұрғымбеков кездесті.

Кездесуде аудан әкімі Түркия Республикасыныӊ "Индустриал" компаниясыныӊ қаржылық директоры Ильяс Кошасланға аудандағы су және жел арқылы шағын электр энергиясын өндіретін станцияға қолайлы Машат, Арыс, Құлан өзендері және су қоймалары мен желдіӊ басым бағыттары жайында таныстырды. Баламалы энергия көздерініӊ жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді.

Түркия Республикасыныӊ "Индустриал" компаниясы жалпы құны 2,0 млрд. теӊгеге жуық, жалпы қуаттылығы 4,2 мВт табиғи электр қуатын өндіретін су электр станциясын Машат өзені бойынан салуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны