01.02.2017, 18:01 5054

ОҚО-да Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы басталды

Өӊірге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға бағытталған шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысуда.

Шымкент. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте алғаш рет бірлескен Қазақстан-Түркия инвестициялық 3 күндік форумы басталды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊірге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға бағытталған шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысуда. Делегаттар құрамында көш бастаған Түрік Кеӊесі Бас хатшысыныӊ орынбасары Омер Коджаман мен Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрініӊ кеӊесшісі Тарык Сонмез, Анкара қаласы мэрініӊ кеӊесшілері Рамазан Кабасакал, Мехмед Али Арслан және Сакария провинциясыныӊ сауда-өнеркәсіп палатасыныӊ басқарма төрағасы Маһмуд Косемусул және денсаулық сақтау, экономика министрлігініӊ өкілдері мен кәсіпкерлер сынды жауапты тұлғалар бар. Сонымен бірге, форум жұмысына ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ инвестициялар Комитетініӊ Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және салаға қатысты жауапты жетекшілер мен кәсіпкерлер қатысуда.

Форумда түркиялық инвесторларға өӊір экономикасы мен инвестициялық ахуалы және инвестицияларға қатысты ҚР-ныӊ мемлекеттік бағдарламалары таныстырлады. Сондай ақ, мұнда екі жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайтатын іскерлік бағдарлама ретінде В2В кездесулерге басымдық берілетін болады.

Оӊтүстік өӊіріне арнайы келген түрік кәсіпкерлеріне алғысын білдірген өӊір басшысы Ж.Түймебаев бұл форумныӊ Елбасыныӊ кешегі "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында айтылған міндеттерді орындаудағы негізгі алғышарттардыӊ бірі екенін атап өтіп, жиынныӊ маӊыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол Түркия Қазақстанныӊ саяси және экономикалық тұрғыдағы еӊ жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтып, бүгінгі екі жақты кездесудіӊ жемісті боларына сенім білдірді.

Ақпан айыныӊ 1-3 аралығында өтетін қазақ-түрік инвестициялық форумы аясында "ОҚО-ныӊ инвестициялық әлеуеті" тақырыбындағы конференциядан бөлек, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық жобаларыныӊ, тауар өндірушілерініӊ, даму институттарыныӊ және туристік жобаларыныӊ көрмесі, сонымен қатар, ОҚО-ныӊ негізгі туристік бағыттары бойынша ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда.

Нақтырақ айтқанда, 2 ақпан күні "Көрме" орталығында 80-нен астам отандық тауар өндірушілері мен туризм саласыныӊ, ОҚО даму институттары мен өӊірдегі инвестициялық жобалардыӊ бірлескен көрмесі түрік кәсіпкерлерініӊ назарына ұсынылып, туристік саладағы B2B форматында екіжақты кездесулер өтеді. Ал 3 ақпанда түрік делегаттары "Шымкент-Отырар-Түркістан" туристік бағыты бойынша жолға шығып, тарихи жерлерге саяхаттайды деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны