12.07.2016, 18:00 5217

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары транзиттік мүмкіндіктерді кеӊейтетін автомобиль жолдары салынған

Оныӊ айтуынша, 1999 жылы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Мақтарал ауданы мен Шымкент қаласын қосатын және республиканыӊ басқа да аймақтарына шығатын ұзындығы 53 шақырым болатынҚызыләскер - Киров автомобиль жолыныӊ құрылысы салынып, 2001 жылы пайдалануға берілді. Бұл жоба еліміздіӊ транзиттік мүмкіндіктерін едәуір кеӊейтті.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 1999 жылы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Мақтарал ауданы мен Шымкент қаласын қосатын және республиканыӊ басқа да аймақтарына шығатын ұзындығы 53 шақырым болатынҚызыләскер - Киров автомобиль жолыныӊ құрылысы салынып, 2001 жылы пайдалануға берілді. Бұл жоба еліміздіӊ транзиттік мүмкіндіктерін едәуір кеӊейтті.

Сонымен қатар, 2009-2013 жылдар аралығында Арыс қаласындағы облыстық маӊызы бар 36 шақырымдық автомобиль жолы қалпына келтірілген. Осы жылдар ішінде Бәйдібек ауданындағы Қошқар ата - Кеӊсай - Жамбыл облысыныӊ шекарасы жолыныӊ 15,8 шқ. мен Шардара қаласындағы Сырдария өзенініӊ екі жағалауын қосатын көпір және Отырар ауданындағы Балтакөл елді мекені мен Түркістанды қосатын көпірдіӊ құрылыстары жүргізілген.

Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облыста автомобиль жолдарыныӊ жалпы ұзындығы 20 987,3 шқ. құрайтындығын айтты. Осы жолдардыӊ 786 шақырымы республикалық маӊызы бар жолдар болса, 4 330,3 шақырымы облыстық маӊызы бар жолдар болып отыр.

"Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес елімізде "Жол картасы" бағдарламасы іске асырылып, жергілікті маӊызы бар жолдардыӊ қанағатты жағдайдағы үлесі көбейген, ал тозығы жеткен жолдар қайта жаӊартылды. Яғни, бағдарлама аясында жергілікті маӊызы бар 1 511,8 шқ. автомобиль жолдары мен 15 жасанды имараттар жөндеуден өткен", -деді Н.Байғұт.

Жалпы 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теӊге бөлініп, 9 176,5 шқ. жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оныӊ ішінде, 100 көпірдіӊ жөндеу жұмыстары және 45 көпірдіӊ құрылысы жүргізілді. Осы жұмыстар кезінде тек үлкен, күретамыр жолдар ғана істеліп қойған жоқ. Облысымыздыӊ барлық елді-мекендерініӊ ішкі жолдары қалпына келтірілді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны