20.12.2017, 21:59 4511

ОҚО-дағы "Қайып ата" ЖШС биыл Иран Ислам мемлекетіне 6 мыӊ бас қой етін экспорттады

Жалпы, Иран Ислам мемлекеті жылына 2 млн. 400 мыӊ тоннаға жуық қой етін тұтынады. Бұл Қазақстан үшін ет эскпортын арттыруға зор мүмкіндік.

Шымкент. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Қайып ата" ЖШС-гі Иран Ислам мемлекетіне биыл 6 мыӊ бас қой етін экспорттады. Серіктестік жыл соӊына дейін бұл көрсеткішті 10 мыӊ басқа дейін жеткізбек. Бұл көрсеткішке өткен жылы ақпан айында облыс әкімі Ж.Түймебаев пен Иран Ислам Республикасы ауыл шаруашылығы министрініӊ кеӊесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза арасындағы екі жақты келіссөздердіӊ нәтижесінде қол жеткізіліп отыр.

Жалпы, Иран Ислам мемлекеті жылына 2 млн. 400 мыӊ тоннаға жуық қой етін тұтынады. Бұл Қазақстан үшін ет эскпортын арттыруға зор мүмкіндік. Осыны тиімді пайдаланып отырған "Қайып ата" ЖШС-гі бүгінде ет экспорттау ісін мықтап қолға алған. Қала іргесінде орналасқан серіктестіктіӊ мал сою бекетінде тәулігіне 1000 басқа жуық ұсақ мал сойылып, арнайы қаптамалармаларға салынады. Халықаралық талаптарға сай етіп салынған кешенде мал союға барлық жағдай жасалған. Кешенде мал сою орындары, қоймалар мен арнайы тоӊазытқыштар орнатылған. Бұл жұмыстыӊ өнімділігі мен сапасыныӊ артуына ықпал етеді.

"Қайып ата" ЖШС-ніӊ мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Жаӊабазар ауылында орналасқан. Кешенде бүгінде 5 мыӊға жуық ірі қара бордақылануда. Сондай-ақ серіктестіктіӊ еншісінде 20 мыӊ бас ұсақ малға арналған қора бар. Кешенде өсірілетін төрт түліктіӊ еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған. Мәселен жыл басынан бері "Қайып ата" Иранға 6 мыӊ бас қой етін, Өзбекстанға 300 бас ірі қара мен 32 жылқы экспорттады.

Одан бөлек, ел нарығына 393 тонна сиыр еті мен 2 тоннаға жуық қой етін саудалаған. Нәтижесінде мемлекет тарапынан биылдыӊ өзінде 127,2 млн. теӊге субсидияға қол жеткізіпті. "Табыстыӊ кілті-бірігуде" екендігін түсінген серіктестік жыл басында "Ханшайым" кооперативін құрған болатын. Бүгінде кооператив құрамына 50-ден астам шаруа біріккен. Олардыӊ барлығы мал бордақылаумен шұғылданады. Алдағы уақытта кооператив меншігіндегі малдыӊ санын 2000 бас ірі қараға жеткізіп, жылына 400 тонна ет өндіру жоспарлануда. Бұл өӊірдегі ет экспортыныӊ дамуына ерекше серпін бермек.

Елбасы алға қойған міндеттердіӊ бірі экспорттыӊ әлеуетін арттыру, соныӊ ішінде ет экспорттын дамыту болатын. Оӊтүстікте бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, ағымдағы жылдыӊ 10 айында Оӊтүстік Қазақстан облысынан алыс-жақын шет елдерге 218 тонна ірі қара, 110,8 тонна қой мен 2485 тонна құс еті экспортталған. Сонымен қатар, биыл ТМД мен Европа елдеріне 4819 тонна балық еті жөнелтілген. Бұл жетістіктіӊ барлығы мемлекеттік қолдаулар мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарламалардыӊ тиімділігініӊ арқасы.деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны