12.12.2013, 18:59 12964

ОҚО-ның барлық өңірлерінде 2014 жылы кәсіпкерлік мектебі ашылады - А. Мырзахметов

Икімнің айтуынша, кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 113 мыңды құрайды. Солардың ішінде жұмыспен қамтылғаны 270 мың болып 5%-ға артты. Ал өндірістік тауар көлемі 74 млрд теңгеге өсіп,451,1 млрд теңге болды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Келер жылдан бастап кәсіпкерлерге арналған мамандандырылған мектептер Оңтүстік Қазақстан облысының барлық өңірлерінде ашылады, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

"Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында кәсіпкерлер мектебі ашылды. Келер жылдан бастап осындай мектептер облыстың барлық өңірлерінде ашылады", - деді А.Мырзахметов.

Облыс әкімінің мәліметінше, облыс экономикасын арттыруға 292,2 млрд теңге инвестиция құйылған. Айта кету керек, құйылған инвестицияның тең жартысы шағын және орта кәсіпкерліктерге бағытталған.

Икімнің айтуынша, кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 113 мыңды құрайды. Солардың ішінде жұмыспен қамтылғаны 270 мың болып 5%-ға артты. Ал өндірістік тауар көлемі 74 млрд теңгеге өсіп,451,1 млрд теңге болды.

Республикалық бағдарламалардан бөлек кәсіпкерліктерге облыстан да қолдау келетінін айтты өңір басшысы.

"Облыс бюджетінен жыл сайын 3 млрд теңге бөлінеді, ал бүгінге дейін бөлінгені 10 млрд теңге. Қайтарылған несиелерді ескерсек, 18,7 млрд теңгенің 8502 жобасы мақұлданды. Нәтижесінде 21 мың жұмыс орны ашылды. Солардың 90 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асырылды", - деді А.Мырзахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны