12.12.2013, 19:12 3230

ОҚО-ның өнім өндірушілері Беларусь елінде бірқатар логистикалық орталық ашуды жоспарлауда - А.Мырзахметов

Биыл Мәскеу облысы губернаторымен ОҚО ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге өңірде логистикалық орталық ашу мақсатында жер бөлу туралы келісім жасастық. Мәскеу облысынан бөлек біз Сібірге де ауыз салуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, Беларусьте де осындай орталық салу жоспарда бар", - деді әкім.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. ОҚО ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер Беларусьте бірқатар логистикалық орталық ашуды көздеп отыр, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

"Шыны керек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бүгінгі күнгі ең басты мәселесі тек қана тауар өндіру емес, сонымен қатар оны тиімді сата білу. Сол себепті осы жағдайды ескере отырып біз үш жыл бұрын ірі жоба - сауда-логистикалық орталығын іске асыруды қолға алдық. Бұл үшін облыстық әуежай жанынан жер бөлінді", - деді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, логистика бойынша басты құрылғылар осы аймаққа негізделген және бұл жер транспорттық-логистикалық орталық құрудыкң барлық талаптарына жауап береді.

"Біз белгілі бір байланыстарды құру үшін, атап айтар болсақ, Кедендік Одақ аясында және оның субъектілерімен қатар жұмыс істер жатырмыз. Биыл Мәскеу облысы губернаторымен ОҚО ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге өңірде логистикалық орталық ашу мақсатында жер бөлу туралы келісім жасастық. Мәскеу облысынан бөлек біз Сібірге де ауыз салуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, Беларусьте де осындай орталық салу жоспарда бар", - деді әкім.

Сонымен қатар, 2013 жылы 10 автомобиль жолы, 27 өткел, 31 су құбыры трубасы, 657,2 км жолға күрделі жөндеу мен құрылыс жұмысстарын жүргізудеміз. 4 жыл ішінде 5,8 мың км жол мен 77 өткел салынды және жөнделді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны