24.02.2026, 18:09 851

Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы - Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны