03.03.2026, 09:03 666

ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді  

ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
Сурет: gov.kz
Бүгін Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны