26.02.2026, 20:53 94981

Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі мен Мексика Парламенті Депутаттар палатасындағы Достық тобы 2026 жылға арналған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған құжат өзара іс-қимылды жандандыру аясында бірқатар мәселелерді қамтиды, оның ішінде саяси және парламентаралық диалогты дамыту, экономикалық және мәдени дипломатия, технологиялар, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық, орнықты даму және басқа да бағыттар бар.

Нақты қадамдардың бірі ретінде парламентшілердің өзара сапар алмасуын ұйымдастыру ниеті көзделген. Мексикалық заң шығарушылар Қазақстанда конституциялық реформа қабылданған жағдайда өтетін ықтимал парламенттік сайлауға қызығушылық танытты.

Қазақстан Парламентімен өзара жұмыс аясында жасанды интеллект саласындағы заңнаманы әзірлеу және қабылдау жөніндегі қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірілді.

Тараптардың бірлескен күш-жігерін қажет ететін тағы бір маңызды бағыт елімізде Мексиканың Елшілігін ашу мәселесі де қарастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны